ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ

ЖТНBR06249228, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01264

Атауы«Халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес келетін, трансизомерлер мөлшері төмен май өнімдерін алу технологиясын жасау»

Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский национальный университет имени аль-Фараби"

Ғылыми жетекшіАуезов Алий Байдильдаевич

МҒТС балдары30

Жалпы бекітілген сома54000000

Күтілетін нәтижелер

Транс изомерлері төмендетілген май өнімдерін алу технологиясы туралы патенттік және ғылыми зерттеу әдебиеттерін талдау жүргізіледі. Зерттеу нәтижесі бойынша келесідей нәтижелер күтіледі: әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған платина катализаторларының тәжірибелік топтамасы дайындалып, олардың физика-химиялық сипаттамалары анықталады; өсімдік майларын гидрлеу өнімдерінің май қышқылы құрамы және физика-химиялық сипаттамалары анықталады. пилоттық және өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтың нәтижелері бойынша дайындалған платина катализаторларының өсімдік майларын гидрлеу процесіндегі оптималды технологиялық параметрлері анықталады; май өнімдерінің тәжірибелік топтамасы алынады және рецептурасы дайындалады. платина катализаторларына Техикалық шарт жасалады; халықаралық ғылыми конференцияларға баяндама тезистерін жіберіледі, рецензияланған журналдарға мақалалар жарияланады және өнертабысқа өтінім беріледі; дайындалған технологияны өндіріске ендірудің экономикалық тиімділігіне ұсыныс жасалады.

КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны– өсімдік майларын гидрлейтін катализаторлар және тасымалдағыштар.

Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты –май өнеркәсібі өнімдеріндегі транс –изомерлерді төмендетуді қамтамасыз ететін, өсімдік майларын гидрлейтін тиімді катализаторларды зерттеу.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері – тасымалдағыштарды өңдеу және солардың негізінде жасалынған катализаторлардың құрамы мен құрлысын зерттеуге әртүрлі физика-химиялық әдістерді (СЭМ, ПЭМ, рентген фазалық анализ, БЭТ әдісі т.б) қолдану. Өсімдік майларының гидрленген өнімдерін зерттеу (газ хроматографиялық анализ, ЯМР).

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Жұмыстың нәтижелері: транс –изомерлер мөлшері төмендетілген май өнімдерін алу технологиялары туралы патенттік және ғылыми –техникалық әдебиеттерге сараптама жүргізілді. Әртүрлі физико–химиялық әдістерді қолдана отырып жасалынған катализаторлардың структурасын және құрамын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Активті фаза ретінде платинаны пайдаланып, оларды әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызу арқылы төмен пайызды катализаторлар дайындалды және оларды күнбағыс майын гидрлеу реакцияларында сынақтан өткізілді. Зерттелген платина катализаторлары транс –изомерлер мөлшері өте төмендетілген Халықаралық стандарттар талабына сәйкес май өнімдерін алуды қамтамасыз етеді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы: ұсынылып отырған программа әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған жаңа төмен пайызды (0,2-1,0%) платина катализаторларын жасауды және оларды қолданып транс изомерлері өте төмендетілген, Халықаралық стандарттар талабына сай экологиялық таза азықтық саломастар алуды қамтамасыз етеді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Процестің энергия шығынын, транс изомерлер мөлшерін азайтады және өнімдегі концерегенді болдырмайды.

Енгізу дәрежесі

Жасалынған катализаторлар өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтан өткізілгеннен соң өндіріске ендіруге ұсынылады.

Тиімділігі

Май өнімдерінің сапасын жақсарту тұрғындардың денсаулығының жақсаруына оң әсерін тигізеді. Платина катализаторларын қолдану отандық май өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттырады.

Қолдану облысы

Қолдану аймағы –май индустриясы.

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

өсімдік майларын гидрлейтін катализаторлар және тасымалдағыштар.

Жұмыс мақсаты

май өнеркәсібі өнімдеріндегі транс –изомерлерді төмендетуді қамтамасыз ететін, өсімдік майларын гидрлейтін тиімді катализаторларды зерттеу.

Зерттеу әдістері

тасымалдағыштарды өңдеу және солардың негізінде жасалынған катализаторлардың құрамы мен құрлысын зерттеуге әртүрлі физика-химиялық әдістерді (ПЭМ және БЭТ әдісі т.б) қолдану. Өсімдік майларының гидрленген өнімдерін зерттеу (газ хроматографиялық анализ, ЯМР).

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

төмен пайыздық палладий катализаторлары дайындалып, олардың физика-химиялық сипаттамалары анықталды, өсімдік майларын гидрлеу процесіндегі белсенділігі мен селективтілігі зерттелді. Палладий катализаторларының никель катализаторларына ұқсас екендігі анықталды, белсенділігі жоғары, бірақ цис-транс изомеризация үшін төмен селективтілік көрсетті. Палладий катализаторлары, сондай-ақ никель катализаторлары сияқты толық гидрлегенде транс изомомерлері 1-1,5% саломастарды алуға мүмкіндік береді.Платина мен палладий катализаторларының тәжірибелік сынамалары күнбағыс майын гидрлеу процесінде жүргізілді. Сынақ нәтижелері біз әзірлеген төменгі пайыздық (0,2%) платина катализаторларының транс изомомерлері және қаныққан май қышқылдарының құрамы жағынан да халықаралық стандарттарға сәйкес келетін май және май өнімдерін алуға мүмкіндік беретіндігін растады.Жаңа тасымалдаушыларды қолдану арқылы платина катализаторларының ассортименті кеңейтетін пайдалы модельдерге патенттер алуға екі өтінім берілді.Гидрлеу процесінде алынған бастапқы майлар мен саломастарды талдау жүргізілді. «Маслотест» сынақ зертханасының май және май өнімдерін талдауға аккредиттеу бойынша көп жұмыс жасалды. Сондай-ақ, Алматы қаласының бөлшек сауда желілерінде сатылатын май және май өнімдеріне жыл сайынғы мониторинг жүргізілді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Процестің энергия шығынын, транс изомерлер мөлшерін азайтады және өнімдегі концерегенді болдырмайды.

Енгізу дәрежесі

Жасалынған катализаторлар өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтан өткізілгеннен соң өндіріске ендіруге ұсынылады.

Тиімділігі

Май өнімдерінің сапасын жақсарту тұрғындардың денсаулығының жақсаруына оң әсерін тигізеді. Платина катализаторларын қолдану отандық май өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттырады.

Қолдану облысы

Қолдану аймағы –май индустриясы.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

өсімдік майларын гидрлейтін катализаторлар және тасымалдағыштар

Жұмыс мақсаты

май өнеркәсібі өнімдеріндегі транс –изомерлерді төмендетуді қамтамасыз ететін, өсімдік майларын гидрлейтін тиімді катализаторларды зерттеу

Зерттеу әдістері

әртүрлі өсімдік майлары және гидрленген май өнімдерін зерттеу (газ хроматографиялық анализ).

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

өсімдік майларын гидрлеу үшін төмен пайыздық платина катализаторына арналған ұйым стандарты (ТК) жасалды. Өсімдік майларын гидрлеуге арналған катализаторлар үшін 2 пайдалы модельдерге патент алынды. Құрамында транс изомер мөлшері 2,0% -дан аспайтын май және май өнімдерінің рецептурасы жасалды. Әзірленген гидрлеу катализаторларын қолдану бойынша ұсыныстар берілді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

процестің энергия шығынын, транс изомерлер мөлшерін азайтады және өнімдегі концерегенді болдырмайды.

Енгізу дәрежесі

жасалынған катализаторлар өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтан өткізілгеннен соң өндіріске ендіруге ұсынылады.

Тиімділігі

Май өнімдерінің сапасын жақсарту тұрғындардың денсаулығының жақсаруына оң әсерін тигізеді. Платина катализаторларын қолдану отандық май өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттырады.

Қолдану облысы

май индустриясы

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01 Құрамындағы транс-изомерлер мөлшері төмендетілген май өнімдерін алу технологиялары жөніндегі ғылыми-техникалық әдебиеттер мен патенттерді сараптап, іріктеп жинап алу. Әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған төмен пайызды платина катализаторларын дайындау. Дайындалған катализаторлардың негізгі физика-химиялық сипаттамаларын анықтау.Әртүрлі өсімдік майларын платина катализаторларында гидрлеу жағдайын оңтайландыру. Катализатордың бірнеше қайта қолдану кезіндегі тұрақтылығын анықтау. Бастапқы өсімдік майларын және алынған саломастарға (гидрлеу өнімі) сараптама талдау жасау. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ауезов Алий Байдильдаевич Құрамындағы транс-изомерлер мөлшері төмендетілген май өнімдерін алу технологиялары жөніндегі ғылыми-техникалық әдебиеттер мен патенттерді сараптап, іріктеп жинап алынады. Әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған төмен пайызды платина катализаторларын дайындау. Дайындалған катализаторлардың негізгі физика-химиялық сипаттамаларын анықталады. Әртүрлі өсімдік майларын платина катализаторларында гидрлеу жағдайы оңтайландырылады. Катализатордың бірнеше қайта қолдану кезіндегі тұрақтылығы анықталады. Бастапқы өсімдік майларын және алынған саломастарға (гидрлеу өнімі) сараптама талдау жасалынады.
02 Әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған төмен пайызды палладий катализаторларын дайындау. Дайындалған катализаторлардың негізгі физика-химиялық сипаттамаларын анықтау.Палладий және өнеркәсіптік никель катализаторларының толық гидрленген майлар алу процесіндегі тұрақтылығын және активтілігін салыстыру.Бастапқы өсімдік майларына және саломастарға талдау жасау. Май-қышқылы құрамын анықтау (транс-изомерлер мөлшерін), йодтық санын, балқу температурасын және қатты триглицеридтер мөлшерін т.б. анықтау. Өнертабысқа өтінім беру. Платина және палладий катализаторларын өсімдік майларын жартылай және толық гидрлеу процесінде пилоттық сынақтан өткізу. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ауезов Алий Байдильдаевич Әртүрлі тасымалдағыштарға отырғызылған төмен пайызды палладий катализаторлары дайындалады және олардың негізгі физика-химиялық сипаттамалары анықталады. Палладий және өнеркәсіптік никель катализаторларының толық гидрленген майлар алу процесіндегі тұрақтылығын және активтілігі салыстырылады. Бастапқы өсімдік майларына және саломастарға талдау жасалынады. Өнертабысқа өтінім беру. Платина және палладий катализаторларын өсімдік майларын жартылай және толық гидрлеу процесінде пилоттық сынақтан өткізу. ГОСТ.7.32-2001 сәйкес жылдық есеп беріледі.
03 Құрамдары оңтайландырылған катализаторларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу үшін жеткілікті мөлшерін дайындау. Катализаторларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан (ТӨС) өткізу. Бастапқы өсімдік майына және алынған саломасқа сараптама талдау жасау. Алынған саломастар негізінде халықаралық стандарт талабына сәйкес келетін май өнімдерін дайындау және рецептісін жасау. Дайындалған катализаторларға кәсіпорын стандарт (тахникалық шарт) құрастыру және бекіту. Дайындалған технологияны өндіріске ендірудің экономикалық мақсатқа сәйкестілігіне ұсыныс беру және маркетинг зерттеулерінің нәтижесі. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ауезов Алий Байдильдаевич Құрамдары оңтайландырылған катализаторларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу үшін жеткілікті мөлшері дайындалады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ (ТӨС) актісі алынады. Бастапқы өсімдік майына және алынған саломасқа сараптама талдау жасалынады. Алынған саломастар негізінде халықаралық стандарт талабына сәйкес келетін май өнімдерін дайындау және рецептісі жасалынады. Дайындалған катализаторларға кәсіпорын стандарт (тахникалық шарт) құрастырылады және бекітіледі. Дайындалған технологияны өндіріске ендірудің экономикалық мақсатқа сәйкестілігіне ұсыныс беріледі және маркетинг зерттеулерінің нәтижесі көрсетіледі. Программа бойынша ГОСТ.7.32-2001 сәйкес қортынды есеп беріледі.