ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ
ЖТНBR06249249, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01241
Атауы«Байсерке-Агро» ЖШС мысалға ала отырып, ауыл шаурашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйені әзірлеу
Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции
Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер
Өтінім берушіТоварищество с ограниченной ответственностью "Учебный научно – производственный центр "Байсерке – Агро"
Ғылыми жетекшіТемрешев Избасар Исатаевич
МҒТС балдары26
Жалпы бекітілген сома600000000
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Реферат (Абстракт) - 2018 жыл
Реферат (Абстракт) - 2019 жыл
Реферат (Абстракт) - 2019 жыл
2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)
2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)
Реферат (Абстракт) - 2020 жыл
| 01 |
«Байсерке-Агро» ЖШС мысалға ала отырып, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйені әзірлеу. |
"Байсерке – Агро" оқу ғылыми- өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Темрешев Избасар Исатаевич |
Жайылымдық жерлерді басқару
Жобаның зерттеу аймағында геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі, олар өсімдіктер ассоциациясына бөлінеді, маусым бойынша (көктем, жаз, күз) жайылым массасының өнімділігін анықталады; азық қорына есептеулер жүргізіледі және жайылымға жануарлардың тигізетін әсері анықталады, азықтық дақылдардың түрлерін іріктеледі және егу жұмыстары жүргізіледі.
Түйе шаруашылығы саласында
Басты төлдейтін түйелердің сүті мен жүні өнімділігіне кешенді баға беріледі, желінінің технологиялық параметрі бойынша мақсатты таңдау және сүт өнімділігіне селекция жүргізу үшін түйелерді таңдау белгілері жасалады, сүтпен қоректендіру кезінде олардың аналықтарының селекциялық белгілерінің технологиялық параметрлеріне байланысты төлдің өсуі және дамуы заңдылықтары анықталады, оңтүстік қазақстан типіндегі қазақ бактериан тұқымы түйелерін іріктеу мен бағалаудың тиімді жолдары және ұрпағының сапасына қарай аналық түйелерге нақты бағалау өлшемі жасалады. Түйе шаруашылығы саласын тиімді жүргізу үшін демонстрациялық семинарлар жүргізілетін болады.
Сүтті мал шаруашылығы саласы
Толық кезеңді айналымды табын шаруашылығын ұйымдастырудың тиімді жүйесі анықталады, сүтті табынды құру және төлдерді өсіру технологиясының тиімді варианты жасалады, сауын табынының технологиялық тобын құру жолдары, сүтті-тауарлы шаруашылықтарда технологиялық процестерді басқарудың тиімді жүйесі жасалады, нәтижесінде барлық технологиялық процестер бір жүйеге түсіп, өндіріс тиімді жүргізіледі. Жақын туыстық шағылысуды болдырмау мақсатында төлдейтін малдар мен бұқаларды таңдаудың тиімді жолдары жасалды. Сиырдың селекциялық тобы іріктеліп алынды. Сүт саласын жүргізудің тиімді моделі құрылды.
Етті (ірі қара) мал шаруашылығы
Мал шаруашылығының толық айналымын ұйымдастырудың тиімді жүйесі айқындалады, табындарды қалыптастырудың және оларға бұқаларды іріктеудің тиімді нұсқалары әзірленеді, бұзауларды туғаннан бастап, енесінен айырғанға дейінгі аралықта тиімді өсірудің моделі әзірленеді, малды қораға бағу кезеңіндегі (қыс мезгілі) жас малдар мен ересек малдарды азықтандырудың және қорларды сақтаудың оңтайлы технологиясы анықталады. Әрбір тұқым бойынша сиырдың селекциялық топтары құрылады (герефордтық, ангустық, қазақтың ақбас сиыры, аулиекөл). Бұқалардың өзіндік өнімділігі және өндіруші-бұқалар ұрпақтарының сапасы бойынша зауыттық желі салу арқылы тексеріледі. Мал басының асыл тұқымды құндылығын бағалаудың жаңа индекстік бағалау әдісі енгізілетін болады. Асыл тұқымды ірі қара малды отарлы шалғай-жайылымдық мал шаруашылығының қағидасына сәйкес өсірудің моделі кейіннен демонстрациялық алаң құруға негізделіп әзірленеді.
Жылқы шаруашылығы
Жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларына өнімділігінің технологиялық көрсеткіштеріне кешенді селекциялық-генетикалық баға беру жүргізіледі, желінінің технологиялық көрсеткіштеріне, дене өлшемдері мен дене көрсеткіштеріне байланысты жылқылардың сүт өнімділігін қалыптастыру ерекшеліктері орнатылған, жабе мен көшім қазақ жылқыларының ұрпақ беру қасиеттеріне бағалау жүргізіледі, өнімділіктің класы мен бағытына байланысты, желініінің технологиялық көрсеткіштеріне байланысты жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларының сүт өнімділігінің оңтайлы көрсеткіштері анықталады. Сүт кезеңінде құлындардың өсуі мен дамуы заңдылықтары, олардың аналарының селекциялық көрсеткіштерінің технологиялық параметрлеріне байланысты орнатылады, жабе және көшім тұқымды қазақ жылқыларының өнімділіктерінің технологиялық және селекциялық көрсеткіштері бойынша кейінгі селекция жүргізуге байланысты аналық топтарын іріктеу әдісі жетілдіріледі, жабе және көшім тұқымды қазақ жылқыларына дене көлемі мен салмақ көрсеткіштеріне баға беру және іріктеу әдісі әзірленеді. Жабе және көшім тұқымды қазақ жылқылары малдың ұрпақ әкелу қабілеті мен сүт өнімділігіне салыстырмалы бағалау жүргізіледі, қазақстандық асыл тұқымды бұқалар жабе мен көшім тұқымдарының өнімділік әлеуетін арттыру және асыл тұқымды жануарлардың тұқымдық қасиеттерін жақсартудың технологиялық әдістері жасалады.
Қой шаруашылығы
Шаруашылықты ұйымдастырудың тиімді жүйелері анықталады, отарды құрудың және оларға қошқарларды таңдаудың тиімді жолдары қарастырылады, қозыларды туылғаннан енесінен айырған уақытқа дейін тиімді өсіру моделі жасалады, қойларды азықтандыру мен күтудің ұтымды технологиясы анықталады.
Қазақ биязы жүнді қой тұқымын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Селекциялық отардың тірі салмағы мен жүн қырқымының көрсеткіштері тұқым бойынша сәйкес төменгі көрсеткіштері 5-10 % и 3-5 %-ға жоғары болады. Ұрғашы қойдың тірі салмағы 58-60 кг, жүн қырқымы 4,0-4,5 кг, штапель биіктігі 10-11 см болғанда, сапасы 64-70 болады. Қозысының енесінің айырған кездегі тірі салмағы 37-39 кг, 1,5 жастағы ұрғашы қойдың салмағы 53-57 кг болатын еділбай тұқымы қой отары құрылады.
Азықтық дақылдардың (соя, жоңышқа, арпа, бидай) энтомоакараценозы ерекшеліктері анықталады. Оның серіктестеріне шаруашылық баға беріледі. Тұқымдарға фитоэкспертиза жүргізіледі.
Азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тұтас қорғау және өсірудің бар агротехнологиясын жетілдіру бойынша ғылыми-негізделген шаралар жасалады.
Азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тиісті шаруашылық үшін өсірудің технологиялық карталары жасалып енгізіледі. Алынған нәтижелерге талдау жасалады және керек болған жағдайда ғылыми зерттемелерге түзетулер енгізіледі, яғни соңғы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Азықтық дақылдардың (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тұтас қорғау және өсіру бойынша аймақтық технологиялық карталар жасалады. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) инновациялық тұтас қорғау және өсіру жүйесі бойынша практикалық ұсыныстар дайындалып, баспадан шығарылады және таратылады.
ЖШС «Байсерке-Агро» мысалында ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйе әзірленеді.
Сонымен басты мәселенің бірі жекелеген эпизоотологиялық (эпидемиологиялық) бірлік қимасында эпизоотикалық жетістікпен қамтамасыз ету болып табылады. 35 ғылыми мақала, оның ішінде 5 мақала рейтингтік журналдарда (импакт-факторы нөлдік емес) жарияланады.
ГОСТ 7.32-2001 сәйкес 2018-2020 жылдардағы ҒЗЖ нәтижелері бойынша қорытынды есеп дайындалады.
|
| 01.01 |
«Байсерке-Агро» ЖШС мысалға ала отырып, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйені әзірлеу. |
"Байсерке – Агро" оқу ғылыми- өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Темрешев Избасар Исатаевич |
Жайылымдық жерлерді басқару
Өсімдіктер ассоциациясы контурын анықтауға геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі, олар бөлінеді, жайылым массасының күздік өнімділігін анықталады; химиялық талдауға өсімдік үлгілері іріктеліп алынады; егу үшін азықтық дақылдар түрлері іріктеледі.
Түйе шаруашылығы
Түйелерге кешенді селекциялық-генетикалық баға беріледі. Төлдейтін малдың төлдің тез жетілуіне және өнім бағытының қалыптасуына әсері зерттеледі. Төлдейтін басты малдың түйенің жүн өніміне кешенді баға беріледі.
Сүтті мал шаруашылығы саласы
Сүтті-тауарлы шаруашылықтарда технологиялық процестерді бар жүйесіне мониторинг жүргізіледі, төлді алғаннан қалыптасқанына және сауын табынын реттегенге дейін (мерзім қызметі, сиырларды бұзаулауға дайындау, бұзаулау кезеңі), бұзауларды сақтау және өсіру технологиясы, бұзаулардың қарқынды өсуі мен дамуын анықтау, алғашқы ұрықтандыру кезіндегі бұзаудың жасы мен тірі салмағын анықтау, асырау жүйесі мен жолдары, сиырды сауу технологиясы, сүтті мал шаруашылығының қарқынды жүруінің технологиялық процестерінің дамуына кедергі болатын факторларға зерттеу жүргізіледі, табынның генеалогиялық құрылысы талданады, сауын табыны экстерьердің 18 белгісі бойынша желілік пішіні белгіленеді. Барлық технологиялық айналымның бастапқы көрсеткіштері анықталады.
Етті (ірі қара) мал шаруашылығы
Әрбір тұқым бойынша сиырдың селекциялық топтары құрылады
Герефордтық, ангустық, қазақтың ақбас сиыры, аулиекөл тұқымдар табындарына сұрыптау жүргізіледі, соның нәтижесінде тірі салмағы мен дене бітімі жақсы жануарлар таңдалып алынады, ұрпақ сапасы бойынша сынауға өгіздер іріктеліп алынады. Зерттеліп отырған тұқымдардағы жануарлардыі тірі салмағы бойынша салыстырмалы талдаулар жүргізіледі. Жынысты жетілген малдардың барлық топтары үшін азықтандыру мөлшері жасалады.
Түрлі малдың шаруашылық-пайдалы белгілерінің бастапқы көрсеткіштері анықталатын болады.
Жылқы шаруашылығы
Жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларына өнімділігінің технологиялық көрсеткіштеріне кешенді селекциялық-генетикалық баға беру жүргізіледі.
Желінінің технологиялық көрсеткіштеріне, дене өлшемдері мен дене көрсеткіштеріне
байланысты жылқылардың сүт өнімділігін қалыптастырылады. Жылқылардың шаруашылық-пайдалы белгілерінің бастапқы көрсеткіштері анықталатын болады.
Қой шаруашылығы
Қазақы биязы жүнді қой шаруашылығында әртүрлі жынысты жетілген топтарда және бастапқы мал басы желісінде қойдың өнімдік сапасы анықталады. 18-21 мкм шамасындағы миринос жүнді жіңішке талшықты тілекке сәйкес қазақы биязы жүнді аналық қой тұқымының селекциялық тобы қалыптастырылады, қошқарлардың жоғарғы өнімді табындары құрылады.
Етті-майлы қой шаруашылығында бастапқы қой отарының өнімді сапасы, сонымен қатар қозыларының өсуі мен дамуы зерттеледі және бағаланады.
Азықтық дақылдардың (соя, жоңышқа, арпа, бидай) энтомоакараценозы ерекшеліктері анықталады. Оның серіктестеріне шаруашылық баға беріледі. Тұқымдарға фитоэкспертиза жүргізіледі.
Азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тұтас қорғау және өсірудің бар агротехнологиясын жетілдіру бойынша ғылыми-негізделген шаралар жасалады.
ЖШС «Байсерке-Агро» барлық мал шаруашылығы бөлімдерінде әртүрлі жануар түрлері мен әртүрлі жынысты жетілген топтарын есепке ала отырып, эпизоотологиялық бірліктері (Э.Б) қалыптастырылады, бұл эпизоотикалық қарсы шараларды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Ветеринарлық есепке сәйкес барлық Э.Б. жұқпалы және жұқпайтын аурулары бойынша эпизоотологиялық сипаттамасы анықталады, бұл ЭШҚ (ПЭМ) тиімді жүргізуге және нағыз эпизоотиялық жағдайлардың жоспарланып отырған шараларға сәйкес екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Рейтингтік журналдарда 5 мақала , оның ішінде 1 мақала нөлсіз импакт-факторлы журналда жарыққа шығады.
ГОСТ 7.32-2001 бойынша ҒЗЖ нәтижелері бойынша 2018 жылдың есебі дайындалады.
|
| 01.02 |
«Байсерке-Агро» ЖШС мысалға ала отырып, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйені әзірлеу. |
"Байсерке – Агро" оқу ғылыми- өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Темрешев Избасар Исатаевич |
Жайылымдық жерлерді басқару
Жайылымдық жерлерде қосымша геоботаникалық зерттеулер жүргізіледі, олар бөлінеді, жайылым массасының өнімділігі 2,5 м2 белгіленген шеңберде 4 рет қайталанып есептеледі; жайылымды пайдалану сызбасы (жайылым айналымы, маусымдық жайылу және т.б.) жасалады және оларды маусым бойынша қолданудың ұзақтығы анықталады.
химиялық талдауға өсімдік үлгілері іріктеліп алынады; егу үшін азықтық дақылдар түрлері іріктеледі. Жыл маусымы бойынша жайылымның азықтық қорына тиісті жүктемені есепке ала отырып, жайылым өсімдіктерінің өнімділігі анықталады, жыл маусымдары бойынша химиялық талдауға өсімдік үлгілері іріктеледі; қысқы кезеңде ірі азықпен қамтамасыз ету үшін азықтық дақылдарды егіледі.
Түйе шаруашылығы
Өнімділік бағыты мен класына байланысты қазақ бактериан түйесінің өсімталдығына баға беріледі, желінінің технологиялық параметрлеріне байланысты түйенің қазақ бактериан тұқымының аналықтарының сүт өнімділігі анықталады; сүтпен қоректену кезіндегі түйе төлдерінің өсуі мен даму заңдылықтары олардың енелерінің селекциондық белгілерінің технологиялық параметрлеріне байланысты анықталады; сүтіне, етіне және жүн өнімділігіне байланысты түйелерді іріктеу және бағалаудың тиімді шаралары жасалады, ұрпағының сапасына қарай өндіруші-түйелерге нақты баға беру белгілері жасалады.
Сүтті мал шаруашылығы саласы
Төл алудан сауын табынын құруға дейінгі сүт малдарын қалыптастырудың тиімді технологиялық шаралары анықталады. Мал шаруашылығы базаларында, босанатын, сауылатын залдарда сүт-тауар шаруашылықтарында қолайлы зоогигиеналық параметрлері жасалады, 6 айлық жасқа дейінгі бұзауларды қоректендірудің дайындалған сызбасы сыналады және бұзаулардың өсуі мен дамуы зерттеледі, қашарларды алғашқы ұрықтандыру үшін тірі салмағы мен жасы анықталады. Сиырлардың сүт өнімділігі анықталады және еңбек қоры мен азықты тиімді пайдалану үшін олардың тәуліктік сауым сүтін есепке ала отырып, жануарлардың технологиялық топтарын қабылдау қалыптастырылады. Табын айналымының толық кезеңімен сүт өндірудің технологиялық процестерін басқару жүйесі құрылады және сүт өндірудің технологиялық процестерін ұйымдастырудың тиімді жолдары анықталады. Дене бітімінің анықталған кемістігін жою мақсатында бұқалар іріктеліп алынады және жаңа ұрпақтың генетикалық потенциалы көтеріледі, әрбір дараның генетикалық құндылығы анықталады және селекциялық топқа жоғары өнімді жануарлар таңдалып алынады.
Етті мал шаруашылығы
Ет өнімі деңгейін көтеруге ғылыми-негізделген шараларды енгізу жалғастырылады. Алғашқы ғылыми-практикалық жұмыстар нәтижелері бекітіледі, алынған нәтижелерге талдаулар жүргізіледі және технологиялық және селекциялық шараларға түзетулер енгізіледі. Қолда бар жануарлар басына жылына қажетті азық (пішен, пішендеме, концентрат) есептеледі. Бұршақ тұқымдасты дақылдардан технологиялық жағдайда пішендеме дайындауға ұсыныстар беріледі. Бір басқа есептегендегі ет өндірудің экономикалық тиімділігіне баға беріледі.
Жылқы шаруашылығы
Жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларының ұдайы өндірістік сапасына өнімділіктің класы мен бағытына байланысты баға беріледі. Желінінің технологиялық көрсеткіштеріне, дене өлшемдері мен дене көрсеткіштеріне байланысты жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларының сүт өнімділігінің үйлесімді параметрлері анықталады. Сүт өнімділігіне мақсатты бағытталған іріктеу мен селекция жүргізу үшін желінінің технологиялық параметрлері бойынша жабе мен көшім қазақ жылқыларын іріктеу белгілері жасалады. Сүтпен қоректену кезіндегі құлындардың өсу мен даму заңдылықтары олардың енелерінің селекциондық белгілерінің технологиялық параметрлеріне байланысты анықталады. Жабе және көшім тұқымды қазақ жылқылары алдағы селекция үшін технологиялық және өнімділіктің селекциондық параметрі бойынша аналық басты іріктеу әдістері жетілдіріледі.
Қой шаруашылығы
Қазақы биязы жүнді қой шаруашылығында әртүрлі желідегі қойларды пайдаланудан ұрпақтарының өнімділігі мен жүн сапасы анықталады, жетекші селекциондық белгілері бойынша аналықтарға қошқарлардың тиімді варианттарын таңдау анықталады.
Селекциондық аналық топта 1,5 бастың тірі салмағы 58-60 кг, қырқылып жуылған жүн 4-4,5 кг болады. 2016 жылы туылған қойларға ұрпағының сапасына баға беріледі және өнімін жақсартатын белгілері анықталады.
Етті-майлы қой шаруашылығында туылғаннан 4 айлық жастағы қозылардың өсуі мен дамуына зерттеу жүргізіледі. 4 айлық қозылардың соғымдық және ет сапасы зерттеледі. Азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тиісті шаруашылық үшін өсірудің технологиялық карталары жасалып енгізіледі. ЖШС «Байсерке-Агро» барлық шаруашылық фермаларында және шекаралас территорияларда эпизоотологиялық сипаттамасы зерттеледі және анықталады.
Эпизоотикаға қарсы препараттарды ретімен пайдалану жолдары жасалады.
Рейтингтік жірналда 14 мақала, оның ішінде 2 мақала нөлдік емес журналда жарияланады. ГОСТ 7.32-2001 сәйкес 2019 жылғы ҒЗЖ нәтижелері бойынша есеп дайындалады.
|
| 01.03 |
«Байсерке-Агро» ЖШС мысалға ала отырып, ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру және асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту үшін кешенді жүйені әзірлеу. |
"Байсерке – Агро" оқу ғылыми- өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Темрешев Избасар Исатаевич |
Жайылымдық жерлерді басқару
Жайылымдарда а/ш малдарын жаюды ұйымдастырудың ғылыми-негізделген технологиясы енгізіледі; жайылым массасының өнімділігі 2,5 м2 белгіленген шеңберде 4 рет қайталанып есептеледі. Жануарларды мөлшерлі маусымдық жаюды қолдану негізінде көк шөп өнімділігі зерттеу нәтижесінде 8-10% көтеріледі.
Түйе шаруашылығы
Қырқылған жүн көрсеткішіне байланысты түйелерді іріктеу және бағалау белгілері жасалады. Түйе төлінің сүтпен қоректену кезіндегі өсу мен даму заңдылықтары олардың енелерінің селекциондық белгілерінің технологиялық параметрлеріне байланысты зерттеу жұмыстары жалғастырылады. Қазақ бактерианының басты аналық мал басының өнімділік қабілеттілігі, сүт өнімі мен жүн қырқымына салыстырмалы баға беріледі. Түйе шаруашылығы саласын жүргізуге ұсыныстар дайындалады, түйелердің өнімділік потенциалын көтерудің технологиялық және асыл тұқымды жануарлардың тұқымдық сапасын жақсарту жолдары жасалады.
Сүтті мал шаруашылығы
Бұзауларды өсірудің ғылыми-негізделген экономикалық көрсеткіштері ұсынылады, сауын табынын ұстаудың шығыны мен түпкілікті өнім алудың бүкіл айналымы ұсынылады. 2018 және 2020 жылдардағы сиыр өнімділігіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. «Байсерке Агро» ЖШС мысалында 400-500 сиыр басына асыл тұқымды сүтті ірі қара малды басқаруға ұсыныс әзірленеді.
Етті мал шаруашылығы
2018-2020 жылдары жүргізілген шараларды талдау негізінде енгізілген ғылыми жұмыстардың зерттеу нәтижелерімен анықталады. Төлдің өсуі мен дамуына, сиырды ұстау, аналық бастың өнімділік сапасына, етті малдың өнімділік деңгейіне байланысты ғылыми еңбектің енгізілуіне салыстырмалы баға беріледі. 2018-2020 жылдар аралығында азық мөлшерінің құрамы, нәрлілігі мен құнды болуына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Бір басқа есптегендегі ет өнімділігінің экономикалық тиімділігі мен асыл тұқым сатылуына баға беріледі.
Жылқы шаруашылығы
Жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларының дене бітімі мен тірі салмағына байланысты іріктеу мен баға беру белгілері жасалады. Жабе мен көшім тұқымды қазақ жылқыларының сүтпен қоректену кезіндегі құлындарының өсу мен даму заңдылықтары олардың енелерінің селекциондық белгілерінің технологиялық параметрлеріне байланысты зерттеу жұмыстары жалғастырылады. Жабе және көшім тұқымды қазақ жылқыларының негізгі аналық бастарының өнімділік қабілеттілігі мен сүт өніміне салыстырмалы баға беріледі. «Жылқыларды ұстау технологиясының гигиенасы» ұсыныстары дайындалады. Жабе және көшім тұқымды қазақ жылқыларының өнімділік потенциалын көтерудің технологиялық және асыл тұқымды жануарлардың тұқым сапасын жақсарту жолдары жасалады.
Қой шаруашылығы
Қазақы биязы жүнді қой тұқымының селекциондық отары құрылады, тұқым бойынша тірі салмағы 5-10% және жүн қырқымының көрсеткіші 3-5 % төменгі көрсеткіштеріден жоғары болады. Ұрғашы қойдың тірі салмағы 58-60 кг, жүн қырқымы 4,0-4,5 кг, штапель биіктігі 10-11 см болғанда, сапасы 64-70 болады.
Етті-майлы қой шаруашылығында еділбай қой тұқымы отарын құру жұмыстары аяқталады, қозысының енесінің айырған кездегі тірі салмағы 37-39 кг, 1,5 жастағы ұрғашы қойдың салмағы 53-57 кг болады. Құрылатын отарға жақсы малдарды іріктеу. 16 айлық жастағы қойлардың соғым мен ет сапасы зерттеледі. Алынған нәтижелерге талдау жүргізіледі және қажет болған жағдайда ғылыми негіздемелерге түзетулер енгізіледі, бұл ақырғы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Азықтық дақылдардың (соя, жоңышқа, арпа, бидай) тұтас қорғау және өсіру бойынша аймақтық технологиялық карталар жасалады. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында азықтық дақылдарды (соя, жоңышқа, арпа, бидай) инновациялық тұтас қорғау және өсіру жүйесі бойынша практикалық ұсыныстар дайындалып, баспадан шығарылады және таратылады.
Ірі қара және ұсақ малдар, жылқылар мен түйелер арасында ЭШҚ (ПЭМ) жүргізудің кешенді жоспары жасалады. Ғылыми жұмыс нәтижелері семинарлар өткізу, ұсыныстар, кітапшалар, буклеттер шығару, БАҚ (бұқаралық ақпарат құралы) жарияланымдар жасау арқылы таратылады. 16 ғылыми мақала рейтингтік журналдарда, оның ішінде 2 мақала импакт-факторы нөлдік емес журналда жарияланады. ГОСТ 7.32-2001 сәйкес 2018-2020 жылдардағы ҒЗЖ нәтижелері бойынша қорытынды есеп дайындалады.
|