ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНBR06249252, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0118РК01351

АтауыОрталық және Солтүстік – Шығыс Қазақстанның негізгі орман түзуші ағаштарының микоризалық макромицеттері және сүректі орман тұқымдастарының сеппелерін жасанды микориздеу үшін оларды пайдалану

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіАкционерное общество "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"

Ғылыми жетекшіСарсекова Дани Нургисаевна

МҒТС балдары31

Жалпы бекітілген сома45000000


Күтілетін нәтижелер

1. Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан ормандарының топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін өсіруге арналған Suillus саңырауқұлақтарының белсенді штамдарының негізінде микоризалы субстраттары дайындалады. 2. Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдардың, сеппелерінің, әртүрлі микоризалы субстраттарда өнгіштігіне, өміршеңдігіне, өсуіне биологиялық скринингі жүргізіледі. 3. Орталық Қазақстан және Солтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында тиімді болып келетін ағаш тұқымдастарының сеппелерінде микориза түзуші штамбтардың белсенділігін зерттеу. 4. Ағаш екпелерінің тамырларының микоризделу тиімділігіне салыстырмалы-тиісті талдау жүргізіледі. 5. Микоризаланған тамырларының морфологиялық құрылымын әртүрлі қоршаған орта жағдайларында, түрлі субстраттарда талдау жүргізіледі. 6. Микоризалы макромицеттердің әр түрлі штаммдарының тиімділігін бағалау негізінде оларды аймақтардағы орман өсіру және ормандарды қалпына келтіру іс-шараларын жүргізуде пайдалануға ұсыныстар әзірленеді.



КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Реферат (Абстракт) - 2018 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан орман аумақтарындағы макромицеттер, екпелер, орман ағаштары

Жұмыс мақсаты

Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан территориясында техногенді бұзылған аудандарда орманды қалпына келтіру кезінде қылқанды ағаштардың сеппе көшеттердін микоризалы макромицетті субстраттарда өсіру технологиясын ойластыру, сол арқылы табиғи жағдайдағы қылқанды ағаштар мен саңырауқұлақтардың симбиозын қалыптастыру мақсатында өміршеңдігін ұзарту, өсуіне серпіліс беру, төзімділігін арттыру, сонымен қоса қылқандылардың декоративтілік сапасын жақсарту

Зерттеу әдістері

Жұмыстың әдіснамасы ұйымдастырушылық және экспедициялы-далалық жұмыстар мен лабороториялық эксперементалдық аудандарды таңдау жұмыстарын қамтиды, топырақ субстраттарының лабороториялық зерттеулері, макромицеттердің идентификациясы және каллекция жасау, далалық көшетжайларда қылқандылардың сеппелерін микоризаланған субстраттарға отырғызу, микоризалы макромицеттердің дамуының морфометриялық сипаттамаларын биологиялық скринингін жүргізу, таңдалынып алынған екпелердің микориза түзуші белсенді штаммдарын анықтау

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Есепті кезеңде таңдалынып алынған көшетжайдың климаттық және топырақ жағдайлары, Орталық Қазақстандағы орман алқаптарында макромицетті екпелердің дамуы Ақмола облысының мысалында зерттелді. Геоморфологиялық, климаттық, гидрогеологиялық, топырақ жағдайына сәйкес, төмендегі ұсыныстарды ескере отырып, алаңның жері түрлі ағаш-бұталы тұқымдастарды өсіру үшін сәтті қолданылуы мүмкін екендігі анықталды.Топырақ жамылғысы оның агрохимиялық, физико-химиялық, механикалық көрсеткіштері бойынша рационалды суару жүйесін дамытуда барлық шараларды сақтай отырып, зерттеліп жатқан орман көшетжайы ағаш тұқымдастарының отырғызу материалдарын өсіруге жарамды екенін көрсетті. Дала жағдайында микоризаланған екпелердің өсуін және дамуын бақылау сібір шыршасының (607 дана) және кәдімгі қарағайдың (454 дана) мысалы арқылы жүргізілді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Таңдалған макромицеттердің арасында «Бурабай» МҰТП территориясының аймағында және аймақтағы іргелес аумақтарда кеңінен тараған 16 түрді қамтитын макромицетердің биологиялық әртүрлілігі зерттеліп, кеңінен анықталды, олардың морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері жинаққа енгізу үшін зерттелді. Микоризациялау кезінде қылқанды ағаштардың макромицеттерінің биологиялық скринингінде макроморфологиялық ерекшеліктері белгіленіп, микоризациялық индексі анықталды (эктомикоризаның саны сорушы тамырларының қатынасына, микоризаланған және микоризаланбаған).Морфометриялық деректерді талдау көрсеткендей, сабағының, қылқанының, негізгі тамырдың ұзындығы бойынша ең үлкен көрсеткіштер № 82, 85 штаммдарында табылған. Микоризалы макромицеттердің дамуының морфометриялық сипаттамалары белгіленді. Эктомикоризаның саны мен сорушы тамырларының ұзындығы бойынша айтарлықтай артықшылықтарға ие № 82, 85, 91штаммдары. Алдын-ала мәліметтерге сәйкес № 82, 85 штаммдар, ағаш екпелерін микоризациялауда одан әрі тестілеу үшін таңдалынып алынуы мүмкін.

Қолдану облысы

Ауыл және орман шаруашылығы, экология

Реферат (Абстракт) - 2019 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Эктомикоризалық қауымдастықтар Pinus sylvestris, Picea obovata, Betula pendula

Жұмыс мақсаты

Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның орман экожүйелерінде кәдімгі қарағайдың, сібірлік шыршаның, қотыр қайыңның микотрофтылығын зерттеу және ашық топырақ жағдайында сеппелерді микоризациялау.

Зерттеу әдістері

Орман биоценоздарында макромицеттердің ұрықтануын түрлік және сандық бағалау бойынша сынақ алаңдарын салу. Indexfungorum базасындағы макро-, микро белгілері бойынша және сиквенс ІТЅ бойынша макромицеттердің түрлік тиістілігін анықтау - рибосомальды ДНҚ гендері кластерінің аймақтары. DEEMY жүйесі бойынша эктомикоризаларды морфотиптеу.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Солтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстанның орман биоценоздарының эктомикоризациялаушы макромицеттерінің тізімі алғаш рет жасалды. In vitro жағдайында коллекциясын құру басталды. Мицелий енгізуінің тиімді дозасы белгіленді - 2 л препараттың 1 текше метр субстратқа; жас өркендерінің қалыптасуын жеделдету , 27 % - ға - жерсіну жоғарылауы, 20% - ға діңдерінің сүректенуіның артуы және 36-54% - ға-ішкі қылқандарының түсуінің төмендеуі.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Импорттық препараттардың бағасы 18-ден 75 долларға дейін өзгереді. 0,2 кг үшін (препараттың бағасы http://www.rootgrow.com/pdf/Rhizofuel Comparison.pdf). Жасалған препарат макромицеттердің жергілікті түрлерінің мицелийі бар және үш есе арзан болады.

Енгізу дәрежесі

Ашық топырақ жағдайында сеппелерді микоризациялау технологиясының тиімділігін апробациялау.

Тиімділігі

Ашық тамырлы жүйемен отырғызу материалының жерсінуін 90 %-ға дейін арттыру.

Қолдану облысы

Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарды микоризациялау үшін әзірленетін препараттар орманды қалпына келтіру технологияларында, орман питомниктерінде, жерді қайта құнарландыру, селекциялық жұмыстар кезінде, ауыл шаруашылығында қорғаныштық орман алқабын құру кезінде, ландшафты-көгалдандыру жұмыстарындағы азайған техногендік топырақтарда, бөгеттерді нығайту және кенді қиылыстарды көгалдандыру кезінде пайдаланылады.

2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2020 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Отырғызу материалы Pinus sylvestris (2470 дана), Picea obovata (1430 дана), Betula pendula (1160 дана)

Жұмыс мақсаты

Орталық, Солтүстік - Шығыс Қазақстан ормандарының макромицеттерін зерттеу және жасанды микоризация үшін пайдалану

Зерттеу әдістері

Микобиотаны маршруттық әдіспен трансекталар арқылы зерттеу жүргізілді. Күрделі түрлерді сәйкестендірудің NCBI-де Р-ДНҚ аймағының 18s-ITS1-5.8 S-ITS2-28s сериялары бойынша анықталды. Мицелийді Хагема және Р-5 қатты қоректік орталарында өсірілді, микотрофияны бақылау - DEEMY жүйесіне сәйкес жүргізілді. Отырғызу материалын өсіру, биометриялық көрсеткіштерді өлшеу, топырақты талдау жұмыстары - жалпы қабылданған әдістерге сәйкес жасалынды

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Тамыр жүйесінің микоризациясы қарағайдың жерсінуі деңгейін 20% – ға, шыршаны - 30% - ға, қайыңды -17% - ға арттырды

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Микориза енгізіуімен көшет жерсінуі артты. Отырғызу материалдарының сәндік және биометриялық көрсеткіштері жақсарды. Ұсыныстар дайындалды

Енгізу дәрежесі

ҒЗЖ нәтижесі еңгізу туралы екі акт Қарағанды облысы Новодолинка орман көшетжайында және Павлодар облысы ММ МОТР-дың "Ертіс орманы" Шалдай филиалының көшетжайында жасалынды

Тиімділігі

Ормандарды жаңғырту және көшеттердің жерсінуі проблемасын шешу үшін отандық биопрепаратты әзірлеу бойынша маңызды дайындама құрылды.

Қолдану облысы

Орман шаруашылығы өндіріс пен мекемелерінің орман көшетжайында

Тапсырманың шифры, жұмыстар кезеңдері Тапсырманың, этаптың аталымы Тапсырманы, жұмыстардың кезеңін орындайтын ұйымның аббревиатурасы Тапсырма, жұмыстың кезеңі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы Күтілетін нәтижелер
01 Орталық және Солтүстік – Шығыс Қазақстанның негізгі орман түзуші ағаштарының микоризалық макромицеттерді орман ағаш түрлерінің сеппелерін жасанды микориздеу үшін оларды пайдалану "Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ Сарсекова Дани Нургисаевна Макромицет штамдарын пайдаланып, қылқан жапырақты екпелердің сеппелерін өсіруге арналған субстраттарды дайындау. Питомниктердегі оқшауланған штамдардың микориза белсенділігін тексеру Ормандарды өсіру және ормандарды қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын орман екпелерінің сеппелерін жасанды микориздеу бойынша ұсыныстар дайындау.
01.01 Макромицет штамдарын пайдаланып, қылқан жапырақты екпелердің сеппелерін өсіруге арналған субстраттарды дайындау. "Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ Сарсекова Дани Нургисаевна Дайындық жұмыстары жүргізіледі. Көшеттік материалды өсіруге арналған эксперименталды алаңдар таңдалады. Топырақ субстраттарын дайындау үшін, микоризаланған препараттар дайындалады. Әдістемелік тәсілдер дайындалады, сынақ хаттамасы әзірленеді. Орталық және солтүстік-шығыс Қазақстан орман алқаптарының және топырақ-климаттық жағдайларды маршурттық әдіс бойынша зерттеледі. Дайындалған субстратқа көшеттер отырғызылады. Қылқан жапырақты көшеттерге биологиялық скрининг жүргізіледі. Негізгі орман түзетін түрлерде микоризді макромицеттердің дамуының маусымдық динамикасы бақыланады, ал макромицет штамдары оқшауланады. Жиналған үлгілерге морфометриялық зерттеулер жүргізіледі. Питомниктердегі әртүрлі ағаш - бұта түрлерінің сеппе және тікпелерге микориза түзетін белсенді штамдарда сынақ жүргізіледі.
01.02 Питомниктердегі оқшауланған штамдардың микориза белсенділігін тексеру "Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ Сарсекова Дани Нургисаевна Орталық және солтүстік-шығыс Қазақстан орман алқаптарына және топырақ-климаттық жағдайларды маршурттық әдіс бойынша орман екпелері зерттеледі. Көшеттер дайындалған субстраттарға отырғызылады. Қылқан жапырақты көшеттерге биологиялық скрининг жүргізіледі. Негізгі орман түзетін түрлерде микоризді макромицеттердің дамуының маусымдық динамикасы бақыланады, ал макромицет штамдары оқшауланады. Жиналған үлгілерге морфометриялық зерттеулер жүргізіледі. Ағаш түрлерінің тікпе көшеттеріндегі штамдарда микориза түзетін белсенділігі зерттеледі. Питомниктердегі әртүрлі ағаш - бұта түрлерінің сеппе және тікпелерге микориза түзетін белсенді штамдарда сынақ жүргізіледі. Микоризді макромицетінің түрлі штамдарын, олардың тиімділігін бағалау негізінде ормандарды өсіру және орманды қалпына келтіру жұмыстар бойынша ұсыныстар жасалады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері жарияланымдарға дайындалады. ҚР БжҒБК ұсынған басылымда 1 мақала және шетелдік басылымда 1 баяндама жарияланады. Жобаны жүзеге асыру барысында мүдделі тұлғалармен және ұйымдармен тәжірибе алмасу, көрмелерде, семинарларда, конференцияларда, экологиялық ұйымдардың кездесулеріне қатысу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
01.03 Ормандарды өсіру және ормандарды қалпына келтіру кезінде пайдаланылатын орман екпелерінің сеппелерін жасанды микориздеу бойынша ұсыныстар дайындау. "Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы«С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ Сарсекова Дани Нургисаевна Орталық және солтүстік-шығыс Қазақстан орман алқаптарының және топырақ-климаттық жағдайларды маршурттық әдіс бойынша зерттеледі. Дайындалған субстратта тікпе көшеттер отырғызылады. Қылқанды ағаштардың сеппелерінде биологиялық скрининг жүргізіледі. Негізгі орман түзетін түрлерде микоризді макромицеттердің дамуының маусымдық динамикасы бақыланады, ал макромицет штамдары оқшауланады. Жиналған үлгілерге морфометриялық зерттеулер жүргізіледі. Ағаш түрлерінің тікпе көшеттеріндегі штамдарда микориза түзетін белсенділігі зерттеледі. Питомниктердегі әртүрлі ағаш - бұта түрлерінің сеппе және тікпелерге микориза түзетін белсенді штамдарда сынақ жүргізіледі. Зерттеу нәтижелерін қорытындылайды, Зерттеу жүргізілген аймақта микоризді макромицеттерді қолдану арқылы ормандарды өсіру және орманды қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша бойынша ұсыныстар жасалады. Зерттеу нәтижелеріне жалпылама қорытынды жасалынады. Микориза макромицеттерінің әр түрлі штамдарын, олардың тиімділігін бағалау негізінде орман өсіру және орманды қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұсыныс дайындалады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері баспаға шығаруға дайындалады. Екі мақала ҚР БжҒБК ұсынған басылымдарда 2 баяндама, Қазақстанда және шетелдік басылымдарда 2 мақала, сондай-ақ нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік журналдарда 1 мақала жарияланады. «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша 2 магистр және 1 доктор PhD дайындалады. Ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша мүдделі тұлғалармен, ұйымдармен тәжірибе алмасады және көрмелерде, семинарларда, конференцияларда, табиғат қорғау ұйымдардың кездесулеріне қатысу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.