ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08052060, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00008

Атауы«Өсімдіктекті заттар негізінде жаңа емдеу-косметикалық және жуғыш құралдарды жасау».

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіАкционерное общество "Международный научно-производственный Холдинг "Фитохимия"

Ғылыми жетекшіЖабаева Анар Ниханбаевна

МҒТС балдары31.33

Жалпы бекітілген сома75750000


Күтілетін нәтижелер

Гидродистилляция және қысқа толқынды экстракция әдістерімен шілтержапырақты шайқурай шикізатынан эфир майлары бөліп алынды және хроматомасс-спектрометрия әдісімен олардың компоненттік құрамдары сәйкестендірілді. Түрлі режимдерде көмірқышқылды және спирттік экстракция әдістерімен Hypеricum perforаtum L. шикізатынан сығынды заттар сомалары бөліп алынды. Спирттік сығындыны жоғары тиімді сұйықтық хроматографиялау нәтижелері бойынша рутиннің сандық мөлшері СО2-сығындысына қарағанда 10 есе, ал кверцетиннің мөлшері 2,5 есе асатыны анықталды. Hypеricum perforаtum L. шикізатының спирттік сығындысын өндірудің зертханалық регламенті жасалды. Жаңа емдік-косметикалық және жуғыш құралдарды жасау үшін Hypеricum perforаtum L. шикізатының спирттік сығындысының тәжірибелік партиялары дайындалды. Әртүрлі өсу орындарынан жиналған Matricaria chamomilla L. шикізатынан гидродистилляция және қысқа толқынды экстракция әдістерімен эфир майлары бөліп алынды. Хроматомасс-спектрометрия әдісімен дәрілік түймедақ эфир майында 9 компонент, оның ішінде бисаболол оксид А, хамазулен және транс-β-фарнезен анықталды. Matricaria chamomilla L. шикізатын көмірқышқылды экстракциялау кезінде заттар сомалары бөліп алынды және олардың ішінен 7 компонент сәйкестендірілді. Дәрілік түймедақ шикізатынан эфир майын бөліп алудың зертханалық регламенті жасалды. Жаңа емдік-косметикалық және жуғыш құралдарды жасау үшін дәрілік түймедақтың шикізатынан алынған эфир майының тәжірибелік партиялары дайындалды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысандары шілтержапырақты шайқурай (Hypеricum perforаtum L.) және дәрілік түймедақ (Matricaria chamomilla L.) эфир майлары мен көмірқышқылды сығындыларының үлгілері болып табылады.

Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты – өсімдік заттары негізінде жаңа косметикалық-емдік өнімдер мен жуғыш құралдарды жасау.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері және аппаратура: Клевенджер аппаратында гидродистилляциялау, қысқа толқынды экстракция; УЭМ-Э қондырғыда бумен дистилляциялау, көмірқышқылды экстракция, масс-спектрометриямен газды хроматография, жоғары тиімді сұйықтық хроматография.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Гидродистилляция және қысқа толқынды экстракция әдістерімен шілтержапырақты шайқурай шикізатынан эфир майлары бөліп алынды және хроматомасс-спектрометрия әдісімен олардың компоненттік құрамдары сәйкестендірілді. Түрлі режимдерде көмірқышқылды және спирттік экстракция әдістерімен Hypеricum perforаtum L. шикізатынан сығынды заттар сомалары бөліп алынды. Спирттік сығындыны жоғары тиімді сұйықтық хроматографиялау нәтижелері бойынша рутиннің сандық мөлшері СО2-сығындысына қарағанда 10 есе, ал кверцетиннің мөлшері 2,5 есе асатыны анықталды. Hypеricum perforаtum L. шикізатының спирттік сығындысын өндірудің зертханалық регламенті жасалды. Жаңа емдік-косметикалық және жуғыш құралдарды жасау үшін Hypеricum perforаtum L. шикізатының спирттік сығындысының тәжірибелік партиялары дайындалды. Әртүрлі өсу орындарынан жиналған Matricaria chamomilla L. шикізатынан гидродистилляция және қысқа толқынды экстракция әдістерімен эфир майлары бөліп алынды. Хроматомасс-спектрометрия әдісімен дәрілік түймедақ эфир майында 9 компонент, оның ішінде бисаболол оксид А, хамазулен және транс-β-фарнезен анықталды. Matricaria chamomilla L. шикізатын көмірқышқылды экстракциялау кезінде заттар сомалары бөліп алынды және олардың ішінен 7 компонент сәйкестендірілді. Дәрілік түймедақ шикізатынан эфир майын бөліп алудың зертханалық регламенті жасалды. Жаңа емдік-косметикалық және жуғыш құралдарды жасау үшін дәрілік түймедақтың шикізатынан алынған эфир майының тәжірибелік партиялары дайындалды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

-

Қолдану облысы

Химиялық өндіріс, тұрмыстық химия.