ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08052085, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00052

АтауыИндий және галлий селенидтерінің екі өлшемді нанокристалдарын алу, қасиеттерін зерттеу және модификациялау

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский национальный университет имени аль-Фараби"

Ғылыми жетекшіМухаметкаримов Ержан

МҒТС балдары29.67

Жалпы бекітілген сома65288000


Күтілетін нәтижелер

Зерттеу нәтижесінің қысқаша сипаттамасы – вакуумды ортада стехиометриялық градиентті балқытау әдісімен индий мен галлий селенидтерінің қабатты кристалдары алынды; микромеханикалық бөлшектеу, төсенішке отырғазу және индий мен галлий селенидтерінің аз қабатты нанокристалдарына өткізгіш контактілерді электронды-сәулелік литографиясын қолдана отырып тұндыру технологиясы жасалды; жұмыста алынған екі өлшемді нанокристалдар жоғары жарық сезімталдығына ие болып, оптикалық сәулелену спектрінің көрінетін диапазонында фотолюминесценция жолағымен сипатталады. Зерттеудің жаңалығы - тиісті химиялық элементтерді вакуумда стехиометриялық балқытау арқылы индий мен галлий селенидтерінің қабатты кристалдарын алу және индий мен галлий селенидтерінің екі өлшемді нанокристалдарының электронды қасиеттерін кешенді түрде зерттеу.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны – индий және галлий селенидтерінің екі өлшемді нанокристалдары.

Жұмыс мақсаты

Зерттеудің мақсаты - химиялық элементтерді вакуумда стехиометриялық балқыту және микромеханикалық ажырату әдістерін пайдаланып индий мен галлий селенидтерінің екі өлшемді нанокристалдарын алу технологиясын әзерлеу.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері - сканирлеуші электронды микроскопия, рентгендік құрылымдық талдау, раман спектроскопиясы, атомдық күштік және оптикалық микроскопия.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеу нәтижесінің қысқаша сипаттамасы – вакуумды ортада стехиометриялық градиентті балқытау әдісімен индий мен галлий селенидтерінің қабатты кристалдары алынды; микромеханикалық бөлшектеу, төсенішке отырғазу және индий мен галлий селенидтерінің аз қабатты нанокристалдарына өткізгіш контактілерді электронды-сәулелік литографиясын қолдана отырып тұндыру технологиясы жасалды; жұмыста алынған екі өлшемді нанокристалдар жоғары жарық сезімталдығына ие болып, оптикалық сәулелену спектрінің көрінетін диапазонында фотолюминесценция жолағымен сипатталады. Зерттеудің жаңалығы - тиісті химиялық элементтерді вакуумда стехиометриялық балқытау арқылы индий мен галлий селенидтерінің қабатты кристалдарын алу және индий мен галлий селенидтерінің екі өлшемді нанокристалдарының электронды қасиеттерін кешенді түрде зерттеу.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Енгізу - жұмыстың нәтижелері ККСОН ұсынылған ҚазҰТЗУ Хабаршысы баспасында жарияланып, «The 8th International Conference on Nanomaterials and Advanced Energy Storage Systems (INESS-2020)» халықаралық конференциясында баяндалды.

Қолдану облысы

Қолдану аймағы - зерттеу нәтижелері иілгіш электроника мен өте сезімтал фотодетекторларға арналған шалаөткізгішті құрылғыларды жасауда маңыздылыққа ие болуы мүмкін.