ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08052090, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00141

АтауыБағалы тауарлы өнімдерді синтездеу үшін реттелетін қасиеттері бар катализдік жүйелерді жасау

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіАкционерное общество "Институт топлива, катализа и электрохимии им. Д.В. Сокольского"

Ғылыми жетекшіБайжуманова Толкын Сапарбековна

МҒТС балдары30.35

Жалпы бекітілген сома62999937


Күтілетін нәтижелер

Есепті кезеңде белсенді фаза құрамының, түрлендіргіш қоспалар мен тасымалдаушылардың тотығу процесіне әсері зерттелді, сондай-ақ катализаторлардың фазалық құрамы, құрылымы, дисперсиясы физика-химиялық әдістермен (ЭМ, РФТ, БЭТ, ТБД) зерттелді.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны - синтез-газын өңдеу үрдісі үшін жоғары белсенділікке ие катализдеуге қабілетті никель негізіндегі катализаторларды ерітіндіде сіңдіру және ӨЖС әдісімен дайындалған каталитикалық жүйе болып табылады.

Жұмыс мақсаты

Тауарлық химиялық өнімдерді: олефиндерді, көмірсутектерді және оксигенаттарды алу мақсатында сутекқұрамды отын қоспасын қайта өңдеу технологиясын жетілдіруде синтетикалық және табиғи тасымалдағыштарға отырғызылған бағалы металдарсыз реттелетін қасиеттері бар жаңа жоғары тиімді каталитикалық жүйелерді құру.

Зерттеу әдістері

Синтез-газдың каталитикалық айналуы, рентгенофазалық талдау, электронды микроскопия, температуралық-бағдарламалы тәжірибелер жасау және БЭТ әдісімен кеуектердің беттік ауданын, көлемін және көлемі бойынша кеуектердің таралуын анықтау.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Есепті кезеңде белсенді фаза құрамының, түрлендіргіш қоспалар мен тасымалдаушылардың тотығу процесіне әсері зерттелді, сондай-ақ катализаторлардың фазалық құрамы, құрылымы, дисперсиясы физика-химиялық әдістермен (ЭМ, РФТ, БЭТ, ТБД) зерттелді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Синтез-газдан оксигенаттарға, көмірсутектер мен олефиндерге тотығу реакциясында сынау үшін ауадағы ылғал сыйымдылығы бойынша дәстүрлі сіңдіру әдісімен және заманауи әдіспен өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез әдісімен (ӨЖС) ерітіндіде жағылған монометаллдық және биметаллдық 10% Ni /θ-Al2O3, 9% Ni-1% Co/θ-Al2O3, 7% Ni-3% Co/θ-Al2O3, 5% Ni-5% Co/θ-Al2O3, 3% Ni-7% Co/θ-Al2O3, 1% Ni -9% Co/θ-Al2O3, 10% Co/θ-Al2O3 катализаторлары жасалды.

Енгізу дәрежесі

Ерітіндіде ауада сіңдіру және ӨЖС әдісімен дайындалған Ni негізіндегі моно және биметалды каталитикалық жүйелер бағалы металдарды қоспай жоғары құнды газ-мұнай техникалық өнімдері көмірсутектерді, оксигенаттарды және олефиндерді алу үшін перспективалы болып табылады. ҚР химия өнеркәсібінің дамуында синтез-газ синтезі қажетті көптеген басқа да қосылыстарды синтездеу үшін негізгі шикізат болып табылады.

Тиімділігі

Табиғи және мұнайға ілеспе газдарды қайта өңдеудің негізгі өнімі синтез-газдың каталитикалық тотығу реакциясында көмірсутектер, оксигенаттар олефиндер алу үшін тиімді және таңдамалы жаңа катализаторлары жасалды.

Қолдану облысы

газ өңдеу