ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08052301, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00114

АтауыЖоғары белсенді Al-Mn-Ca-Si элементтерінен тұратын қорытпамен металл емес қоспалардан тазарту және өңдеу жолымен сапалы болат құю өндірісі технологиясын әзірлеу

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіФилиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный центр по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан" Комитета индустриального развития и промышленной безопасности министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Химико-металлургический институт им.Ж.Абишева"

Ғылыми жетекшіМухамбетгалиев Ербол Кенжегалиулы

МҒТС балдары32

Жалпы бекітілген сома61608000


Күтілетін нәтижелер

Алынған нәтижелер мен жаналығы: шихта материалдарының физика-химиялық қасиеттері, петрографиялық құрамдары анықталды, термодинамикалық модельдеуді жүргізу арқылы негізгі элементтерді қалпына келтірудің температуралық диапазондары анықталды және қорытпаның перспективалық құрамдары анықталды, ірі-зертханалық сынақтар жүргізу арқылы қорытпаның алғашқы үлгілері алынды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны – бастапқы шихта материалдарының физика-химиялық қасиеттері, петрографиялық құрамдары, кешенді қорытпаның перспективті құрамдарын термодинамикалық модельдеу, сондай-ақ кен термиялық балқыту болып табылады.

Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты – шихта материалдарының физика-химиялық қасиеттерін, петрографиялық құрамын зерттеу, қорытпаның балқыту процесін термодинамикалық модельдеу, трансформатордың қуаты 200 кВ•А электр пеш қондырғысында ірі-зертханалық сынақтар жүргізе отырып құрамында Al-Mn-Ca-Si белсенділігі жоғары элементтері бар қорытпаның бірінші үлгілерін алу.

Зерттеу әдістері

Жұмысты жүргізу әдістері: шикіқұрам материалдарын техниқалық, химиялық, петрографиялық талдау, есептеу әдістері, сондай-ақ қорытпаны алу процесін термодинамикалық модельдеу.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Алынған нәтижелер мен жаналығы: шихта материалдарының физика-химиялық қасиеттері, петрографиялық құрамдары анықталды, термодинамикалық модельдеуді жүргізу арқылы негізгі элементтерді қалпына келтірудің температуралық диапазондары анықталды және қорытпаның перспективалық құрамдары анықталды, ірі-зертханалық сынақтар жүргізу арқылы қорытпаның алғашқы үлгілері алынды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері: Сарыадыр, Борлы және Жамантұз кен орындары көмірінің меншікті электр кедергісі мен жұмсаруының температураға тәуелділігі алынды. Сарыадыр кен орнының көмірі үшін Борлы және Жамантұз кен орындарының көміріне қарағанда, 1000 °С кезінде 0,7 Ом•м тең жоғары қарсылық белгіленген.

Енгізу дәрежесі

Енгізу дәрежесі. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілгеннен кейін табылған міндеттерді шешу құю зауыттарында пайдалану үшін ұсынылуы мүмкін.

Тиімділігі

Тиімділік. Жұмыста ұсынылған термодинамикалық модельдеуді қолдану қорытпаның құрамын алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Al-Mn-Ca-Si белсенділігі жоғары элементтері бар жаңа қорытпаның технологиясын әзірлеу алғаш рет кешенді қорытпаларды біріздендіруге мүмкіндік береді. Осындай қорытпа өңдеу және тазарту арқылы сапалы болат өндіру технологиясын жасауға мүмкіндік береді.

Қолдану облысы

Қолдану саласы – металлургия, ферроқорытпа және болат балқыту өнеркәсібі.