ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08855505, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00191

АтауыКремний мен титанды комерциялық өнімге шығару үшін ильмениттік концентраттардың электрбалқымаларының жұқадисперсті тозаңдарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу.

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіАО "Институт металлургии и обогащения"

Ғылыми жетекшіҚаршыға Зәуре Байтасқызы

МҒТС балдары31

Жалпы бекітілген сома56700000


Күтілетін нәтижелер

кремнийді шаңдардан ұшыру бойынша және аморфты кремнеземнің шөгуін зерттеу жүргізілді, титан фторидтерінің ұшыру дәрежесіне температура мен уақыттың әсері, қоспалардың ұшыру кинетикасы зерттелді. Жұмыстың жаңалығы: қоспалардың ұшыру кинетикасының және кремний мен титан фторидтерін ұшыру кезінде шаң компоненттерінің әрекетінің анықталған заңдылықтары алдымен 84,2 % кремнийді, содан кейін 99 % титанды сублимациялауға мүмкіндік берді. Титан, темір, марганец, хром және қалдық кремний үшін активтену энергиясының табылған мәндеріне сәйкес 53,64, 56,06, 61,21, 45,57 және 51,07 кДж/моль, тиісінше, сублимация процесінің кинетикалық режимі белгіленді


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Ильменит концентраттарының электр балқымасының жұқадисперсті тозаңдары.

Жұмыс мақсаты

Тауар өнімдерін шығара отырып, ильмениттік концентраттардың жұқадисперсті үйінді тозаңдарын кешенді өңдеу технологиясын әзірлеу.

Зерттеу әдістері

Жұмыстарды орындау кезінде физикалық-химиялық тәсілдері қолданған. Ғылыми зерттеудің тәжірибелік және теориялық нысандары қолданылады.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

ильменит концентраты электрбалқымасы шаңдарынын құрамы зерттелінген; шаңдарды натрий гидроксидімен шаймалау процесі зерттеулері жүргізілген; NaOH концентрациясынын, Қ:С, температуранын және ұзақтылықтын кремний, хром, мырыш, марганец және темірдің ертіндіге өтуіне әсері зерттелінген. Жұмыстың жаңалығы: компоненттердің беталысына қатысты анықталған заңдылықтарға негізделе отырып, ильменит концентраты электрбалқымасынын ұсақ шаңдарын натрий гидроксидімен шаймалау кезінде кремнийді ертіндіге өткізуге мүмкіндік туғызатын процесс шарттары анықталған.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Шаңдарды шаймалаудың оптималды шарттары анықталған: концентрация NaOH – 110-115 г/дм3; Қ:С – 1:5; температура – 80-90 °С; ұзақтылық – 90-120 мин. Кремнийдің ерітіндіге өту дәрежесі 77,7 % құрады.

Енгізу дәрежесі

Кремний және титанды коммерциялық өнімдерге аударудағы ильменит концентраты электрбалқымасынын ұсақ шаңдарын қайта өңдеу технологиясы әзірлеу сатысында тұр.

Тиімділігі

Технология титан-магний өндірісіндегі қалдықтардан титан және кремний диоксиді тауарлы өнімдерін ала отырып кәдеге жаратуға және олардың Казахстандағы импорталмастыру проблемасын шешуіне ықпал етеді.

Қолдану облысы

Түсті және сирек металдар металлургиясы, лак-бояу бұйымдарын өндіру және химия өнеркәсібі.