ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08955761, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00246

АтауыТабиғи диатомит шикізаттын электрогидравликалық әдіспен байыту технологиясы

Басымдық бағытыРациональное использование природных ресурсов, в том числе водных ресурсов, геология, переработка, новые материалы и технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНАО "Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова" Министерства образования и науки РК

Ғылыми жетекшіСагимбаева Шынар Жанузаковна

МҒТС балдары27.66

Жалпы бекітілген сома4996697


Күтілетін нәтижелер

 кіші көлемді электрогидравликалық құрылғының үлгісінде, энергетикалық әсерді реттеу арқылы сазды құрауыштан диатомитті шикізатты байытудың электрогид-равликалық әдісі алғаш рет қолданылды.  байытылған диатомиттің кешенді зерттеулері спектрлік, электронды микроско-пиялық, рентгендік дифракциялық және рентгендік спектрлік (элементтік), силикаттық (химиялық) және термиялық талдау әдістерімен ұсынылған.  электрогидравликалық әдіспен диатомиттердің кальций (CaO) және күкірт (SO3) оксидтерінен тиісінше 0,21% және 0,18% деңгейіне дейін өте тиімді тазартылатыны тәжірибе жүзінде анықталды.  сулы диатомитті ерітіндіге электр разрядтық әсер еткеннен кейін кремнийдің құрамы артып, диатомитті байытудың осы әдісінің тиімділігі эксперименталды түрде анықталды.  сазды компоненттен айыра отырып, диатомит шикізатын байытуға электрогидравликалық әдісті қолдану, эксперименталды түрде көрсетілген.  диатомиттерді байыту мәселелерін шешуге арналған кең ауқымды практикалық қолданбалы электрогидравликалық қондырғы құрылды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

диатомитті минералды шикізатты байытудың электрогидравликалық әдісі

Жұмыс мақсаты

Ақтөбе облысы Мұғалжар кен орнының диатомит шикізатының үлгілерін байытудың электрогидравликалық әдісі бойынша зертханалық қондырғының оңтайлы жұмыс режимдерін әзірлеу

Зерттеу әдістері

эксперименттік электрогидравликалық әдіс

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

 кіші көлемді электрогидравликалық құрылғының үлгісінде, энергетикалық әсерді реттеу арқылы сазды құрауыштан диатомитті шикізатты байытудың электрогид-равликалық әдісі алғаш рет қолданылды.  рентген-флуоресценттік талдағыш (ElvaX) және элементті құрамды лазерлік талдағыш (LIBS) арқылы алынған диатомит фракцияларының элементтік құрамы жүргізілді.  сулы диатомитті ерітіндіге электр разрядтық әсер еткеннен кейін кремнийдің құрамы артып, диатомитті байытудың осы әдісінің тиімділігі эксперименталды түрде анықталды.  сазды компоненттен айыра отырып, диатомит шикізатын байытуға электрогидравликалық әдісті қолдану, эксперименталды түрде көрсетілген.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

-

Енгізу дәрежесі

ұсынылған электрогидравликалық технология қоршаған ортаны химиялық ластамай қалдықтарды өңдеуде және пайдаға жаратуда сәтті қолданылуы мүмкін

Қолдану облысы

электрогидравликалық әдіспен байытылған диатомит құрылыс (отқа төзімді кірпіштер), ауыл шаруашылығы (өнімділікті арттыратын және егіннің сақталуын қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштар), мал шаруашылығы (малға минералды тыңайтқыш), химия және мұнай өнеркәсібі (сүзгілер мен адсорбенттер), медицина және косметология (биологиялық препараттар) салаларында қолданылады