ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08956241, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00232

АтауыСүтті сиырларды азықтандыру рационының толыққұндылық индикаторлары

Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"

Ғылыми жетекшіБостанова Сауле Куанышпековна

МҒТС балдары24.33

Жалпы бекітілген сома5000000


Күтілетін нәтижелер

Ғылыми-зерттеу барысында келесі параметрлер анықталді: 2020-2021 ж. бес бақылау сауым нәтижелері бойынша сауын сиырларының сүт өнімділігі мен сүтінің құрамын зерттеу үшін азық сынамалары алынып, олардың химиялық құрамы мен қоректілігі анықталды, сауын сиырларды азықтандыру рационының тепе-теңділігіне талдау жасалды, сүттегі негізгі компоненттердің құрамымен сауым арасындағы корреляциялық байланыс анықталды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны ««Айна» сүт фермасы» ЖШС-де өсірілетін сүтті бағыттағы голштин тұқымды ірі қара малдың сауын табыны, олардың сүт өнімділігінің көрсеткіштері, сүт құрамы және азықтандыру рационы болып табылады.

Жұмыс мақсаты

Тауарлы сүт шаруашылықтарындағы сауын сиырларды азықтандырудың деңгейі мен денсаулығының жай-күйіне сүттің негізгі компоненттерінің (май, ақуыз, мочевина) құрамы бойынша мониторинг әдістемесін әзірлеу.

Зерттеу әдістері

FOSS Analytical компаниясының жоғары өнімді сүт және жем анализаторларын қолдана отырып, инфрақызыл спектрометрия негізінде күнделікті жаппай зерттеу әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеу барысында келесі параметрлер зерттелді: есепті кезеңдегі қазан айындағы бақылау сауу деректері бойынша сүт өнімділігі мен сиыр сүтінің құрамы, шаруашылықта дайындалған азық сынамалары алынып, олардың химиялық құрамы мен қоректілігі зерттелді, сауын сиырларды азықтандыру рационының тепе-теңдігіне талдау жасалды, сүттегі негізгі компоненттердің құрамымен сүт арасындағы корреляциялық байланыс зерттелді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Тауарлы сүт фермаларында сүт құрамындағы мочевина мөлшері бойынша сауын сиырларды азықтандыру деңгейі мен денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеу жөніндегі зерттеу нәтижелері ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі аяқталғанда енгізілетін болады.

Енгізу дәрежесі

Зерттеу нәтижелерін енгізудің экономикалық тиімділігі сүттегі мочевина көрсеткіші бойынша рациондағы шикі протеиннің нормалануына байланысты болады, бұл қымбат протеиндік азықтар мен премикстерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сауын сиырлардың азығы салдарынан болатын ақуыздың артық азықтандырумен/жетіспеушілігінен зат алмасуының бұзылу қаупін азайтады.

Тиімділігі

Сүт құрамы бойынша азықтандыру рационының қамтамасыз етілуін бақылау сүт өндірісінің тиімділігін арттырады.

Қолдану облысы

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ірі қара малдың сауын тұқымдарын күтіп-бағумен және азықтандырумен айналысатын мамандар, сондай-ақ сүтпен зоотехникалық талдаумен айналысатын зертханалардың мамандары пайдаланатын болады.

2021 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2021 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны ««Айна» сүт фермасы» ЖШС-де өсірілетін голштин тұқымды ірі қара малының сауын табыны, олардың сүт өнімділігі, сүт құрамы және азықтандыру рационы.

Жұмыс мақсаты

Тауарлы сүт шаруашылықтарындағы сауын сиырларды азықтандырудың деңгейі, денсаулығының күйі және сүттің негізгі компоненттерінің (май, ақуыз, мочевина) құрамы бойынша мониторинг әдістемесін әзірлеу.

Зерттеу әдістері

FOSS Analytical компаниясының өнімділігі жоғары сүт және азық анализаторларын қолдана отырып, инфрақызыл спектрометрия негізінде жақын диапазонда жаппай жоспарлы зерттеу әдістері қолданылды.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Ғылыми-зерттеу барысында келесі параметрлер анықталді: 2020-2021 ж. бес бақылау сауым нәтижелері бойынша сауын сиырларының сүт өнімділігі мен сүтінің құрамын зерттеу үшін азық сынамалары алынып, олардың химиялық құрамы мен қоректілігі анықталды, сауын сиырларды азықтандыру рационының тепе-теңділігіне талдау жасалды, сүттегі негізгі компоненттердің құрамымен сауым арасындағы корреляциялық байланыс анықталды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Зерттеу нәтижелерін енгізудің экономикалық тиімділігі сүттегі мочевина, май және ақуыз көрсеткіші бойынша шикі протеиннің және энергияның қалыптасуына байланысты болады және қымбат ақуыз азықтар мен премикстерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ацидоздар/кетоздар қаупін азайтады.

Енгізу дәрежесі

Әзірленген әдістеме «Республикалық мал шаруашылығы жүйесі» АТЖ-ға тартылған сүтті зертханалық талдау зертханаларының жұмысына енгізуге және сауын табынын жақсартудың Республикалық бағдарламасын іске асыруға ұсынылатын болады.

Тиімділігі

Зерттеу объектісінің дамуы туралы болжамдар. Сүт құрамы бойынша азықтандыру рационын бақылау сүт өндірісінің тиімділігін арттырады.

Қолдану облысы

Сүтті бағыттығы ірі қара мал шаруашылығы