ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08956286, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00264

АтауыАлтын Орда мен Алтын Ордадан кейінгі мемлекеттердің хан жарлықтары мен хаттарын іздеу (эвристика) және сыныптау.

Басымдық бағытыНаучные основы «Мәңгілік ел» (образование XXI века, фундаментальные и прикладные исследования в области гуманитарных наук)

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Северо-Казахстанский университет имени Манаша Козыбаева"

Ғылыми жетекшіКартова Зауре Кенесовна

МҒТС балдары29.66

Жалпы бекітілген сома4993841


Күтілетін нәтижелер

Жобаны іске асыру бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері Алтын Орданың хан жарлықтарына ұқсас Қазақстан мен Орта Азияның актілік көздерінің коллекцияларын анықтау болды. Сонымен қатар XIV-XVII ғасырлардағы хан жарлықтарының формулярларының құрылымында жалпы және ерекше белгілер анықталды. Жаңадан анықталған 10 хан жарлықтарының ғылыми жіктелуі жүргізілді. Олар топтар мен түрлерге бөлінді, сонымен қатар оларды жүйелеу жаңа әдіснамалық деңгейде жүзеге асырылды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Алтын Орда мен Алтын Ордадан кейінгі мемлекеттердің актілік деректері, хан жарлықтары және берілген грамоталары.

Жұмыс мақсаты

Оңтүстік Қазақстанның (Сырдария бойындағы қалаларының) жарлықтары мен аталып берілген хаттарын іздеу (эвристика), анықтау, деректер жинағын (коллекциясын) сыныптау және дипломатиялық талдау жасау.

Зерттеу әдістері

Арнайы тарихи әдістердің ішінен тарихи оқиғалар мен құбылыстардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі, тұрақтылық пен дамуды қарастыратын тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, жүйелік-құрылымдық әдістер қолданылды. 1. Тарихи–салыстырмалы әдіс XIV-XVI ғғ. актілік дереккөздерін дамуында жалпы және жеке, бірыңғай және ерекше әдістерді салыстыру арқылы анықтауға мүмкіндік береді. 2. Тарихи-типологиялық әдіс хан жарлықтарының топтарын ұқсастығы мен олардың айырмашылықтары бойынша бөлу мақсатында пайдаланылады. 3. Зерттеуде жүйелік-құрылымдық әдіс әр түрлі аймақтардың белгілерін бірыңғай тұтас кешен ретінде қарастырғанда қолданылады. Бұл әдіс жарлықтарды (актілік дерекөздерді) және бітіктерді (дипломатиялық хаттарды) жаңа тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Дереккөздердің сапалық сипаты мен мазмұнына, формулярлардың жеке бөліктерінің арақатынасына назар аударылады.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

1. хан жарлықтарының тархандық, сойюрғалдық және басқа да түрлері бойынша кешенді деректанулық зерттеу жүргізу; 2. жарлықтарды типтерге, түрлерге, топтарға сыныптау; 3. көшпелі социумның әлеуметтік және экономикалық институттарын реконструкциялау мақсатымен хан жарлықтарын зерттеу; 4. Алтын Орданың, Қазан және Қырым хандықтарының жарлықтарына ұқсас, Орта Азия және Қазақстан тарихымен байланысты жарлықтардың коллекциясын құрастыру.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Осы жобаны іске асырудың нәтижесінде Алтын Орданың хан жарлықтарына ұқсас Қазақстан мен Орта Азияның актілік дереккөздерінің коллекциясын анықталады. Осы жобаның басты маңыздылығы дереккөздердің тарихи интерпретациясында ғана емес, бірегей дереккөздердің эволюциясын анықтауда, жарлықтар формулярларының бөліктерін зерттеу (дипломатиялық талдау) және олардың негізінде сыныптауда.

Тиімділігі

алдыңғы зерттеулерде хан жарлықтары аймақтық деңгейде сыныпталған, келесі кезеңде жаңа жарлықтарды анықтау және олардың басқа жарлықтармен ұқсастығын зерттеп, көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін сипаттау кажет.

Қолдану облысы

тарихи ғылым, деректану.