ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08956527, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00255

АтауыҚазақстанның әртүрлі жарықтық аймақтарында көкөністерді қорғалған топырақта өсіруге арналған спектрі автоматты басқару арқылы өзгертілетін қазақстандық фитошамдардың адаптациясы

Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"

Ғылыми жетекшіТурбекова Арысгуль Сапаралиевна

МҒТС балдары30

Жалпы бекітілген сома5000000


Күтілетін нәтижелер

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында келесідей нәтижелерге қол жеткізілді: Осы жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Led System Media» ЖШС қызанақ көшеттерін өсіру бойынша зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған тәжірибелік қондырғы жасап шығарылды. Тәжірибе жүргізу мақсатында қызанақтың Фортиция F1 РЦ буданы және Ромен жапырақты салатының тұқымы себілді. Қызанақ көшеті мен жапырақты салат өсімдіктеріне фенологиялық және биометриялыө бақылаулар жүргізілді. Тәжірибенің барлық варианттары бойынша жарық жүктемелі өлшенді. Алғаш рет қызанақтың көшеті мен жапырақты салат өсіру бойынша тәжірибелік бөлімді жүргізу мақсатында отандық басқарылатын жарық диодты АВС1 және АВС2 жарық бергіштері құрастырыллып, қолданылды.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

ЖДЖ және ДНаТ шамдармен жарықтандырылатын тәжірибелік арнайы қондырғылар көмегімен Нұр-Сұлтан қаласы «Led System Media» ЖШС жылыжай кешенінде өсірілетін қызанақ көшеттері және Алматы қаласы ҚазҰАУ жылыжайында гидроподы қондырғыда өсірілетін жапырақты салат.

Жұмыс мақсаты

Қазақстанның түрлі жарық аймақтарындағы тәжірибелі гидропонды қондырғыларында жабық топырақтағы көкөніс дақылдары үшін отандық жоғары тиімді жарықдиодты сәулелендіргіштерді бейімдеу болып табылады

Зерттеу әдістері

Көкөніс және бақша шаруашылығы тәжірибе ісінің әдістемесі (В.Ф. Белик, 1979), тәжірибе ісі әдістемесі (Б.А.Доспехов, 1985), көкөніс дақылдарымен қорғалған топырақ құрылыстарында тәжірибе жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар (С.Ф.Ващенко, 1976). Фенологиялық және биометриялық бақылаулар Мемлекеттік сортсынау әдістемесі бойынша жүргізілді.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Осы жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Led System Media» ЖШС және «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АеҚ мамандарымен қызанақ көшеттерін өсіру бойынша зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған тәжірибелік қондырғы жасап шығарылды. Қызанақтың Фортиция F1 РЦ буданы тұқымы (420 дана) мен Ромен жапырақты салатының тұқымы (150 дана) себілді. Қызанақ көшеті мен жапырақты салат өсімдіктеріне фенологиялық және биометриялыө бақылаулар жүргізілді. Тәжірибенің барлық варианттары бойынша жарық жүктемелі, қызанақ сеппелеріндегі хлорофилл құрамы, жапырақты салат пен шамдар арасындағы ара қашықтықтарды өлшенді. Қызанақ көшеті мен жапырақты салаттардың сапалары «Led System Media» ЖШС мен ҚазҰАУ жылыжайларындағы қолданыстағы технологиялармен өсірілетін қызанақ көшеті мен жапырақты салат сапаларына толық сәйкес келеді. Алғаш рет жұмыстағы қызанақтың Фортиция F1 РЦ буданы мен Ромен жапырақты салатын өсіру бойынша тәжірибелік бөлімін жүргізу мақсатында отандық басқарылатын жарықдиодты АВС1 және АВС1 жарық бергіштері құрастырыллып, қолданылды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шағын, орта және өндірістік жылыжайларға бейімделген көшет және жапырақты салат өсіруде жарықдиодты жарық бергіштер қолданылатын бәсекелестікке қабілетті технология құрастырылатын болады.

Енгізу дәрежесі

Басқа өсіру тәсілдерімен салыстырғанда ұсынылатын технология қолдааныстағы өсіру құрылыстарына бағытталған яғни қымбат құрылыстар салуды, арнайы құрылғыларды және қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді бұған қоса, көкөніс дақылдарының биологиялық және азықтық құндылықтарын жоғарылатудың алғы шарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тиімділігі

Жұмыстың экономикалық тиімділігі тауарлық және дәмдік сапасы жоғары өнімді 7-8 айдан кейін жинап алынғаннанда мүмкін болмақ. Өсімдіктерді жылыжайда жарықтандыру арқылы қажетті спектрмен қамтамасыз ете отырып, электр қуатын 50 %-ға дейін үнемдеп, олардың азықтық сапасын 20-25%-ға арттыруға болатындығы белгілі, себебі бұл технологияда азшығынды жарықдиодты жарықтандырғыштар қолданылатын болады.

Қолдану облысы

Ауылшаруашылығы, қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы.

2021 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2021 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

ЖДЖ және ДНаТ шамдармен жарықтандырылатын тәжірибелік арнайы қондырғылар көмегімен Нұр-Сұлтан қаласы «LedSystemMedia» ЖШС жылыжай кешенінде өсірілетін қызанақ көшеттері және Алматы қаласы ҚазҰАЗУ жылыжайында гидроподы қондырғыда өсірілетін жапырақты салат.

Жұмыс мақсаты

Қазақстанның түрлі жарық аймақтарындағы тәжірибелі гидропонды қондырғыларында жабық топырақтағы көкөніс дақылдары үшін отандық жоғары тиімді жарықдиодты сәулелендіргіштерді бейімдеу болып табылады

Зерттеу әдістері

Тәжірибе ісі әдістемесі (Б.А.Доспехов, 1985), көкөніс дақылдарымен қорғалған топырақ құрылыстарында тәжірибе жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар (С.Ф.Ващенко, 1976).

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында келесідей нәтижелерге қол жеткізілді: Осы жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Led System Media» ЖШС қызанақ көшеттерін өсіру бойынша зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған тәжірибелік қондырғы жасап шығарылды. Тәжірибе жүргізу мақсатында қызанақтың Фортиция F1 РЦ буданы және Ромен жапырақты салатының тұқымы себілді. Қызанақ көшеті мен жапырақты салат өсімдіктеріне фенологиялық және биометриялыө бақылаулар жүргізілді. Тәжірибенің барлық варианттары бойынша жарық жүктемелі өлшенді. Алғаш рет қызанақтың көшеті мен жапырақты салат өсіру бойынша тәжірибелік бөлімді жүргізу мақсатында отандық басқарылатын жарық диодты АВС1 және АВС2 жарық бергіштері құрастырыллып, қолданылды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Қызанақ көшеттерін жарықдиодты шамдарды қолдана отырып өсіру кезінде электр энергиясының өзіндік құнының ДНаT бақылау шамдарымен салыстырғанда 1,7 және 2,4 есе төмендеуі қамтамасыз етілді, бұл жалпы рентабельділіктің бақылау (16,0%) нұсқасымен салыстырғанда 29,8 және 23,9%-ға өсуін қамтамасыз етті. Жапырақты салатты жарықдиодты шамдарды қолдана отырып өсіру кезінде электр энергиясының өзіндік құнының ДНаT бақылау шамдарымен салыстырғанда 2,6 және 5,7 есе төмендеуі қамтамасыз етілді, бұл жалпы рентабельділіктің бақылау (16,7%) нұсқасымен салыстырғанда 42,6 және 23,8%-ға өсуін қамтамасыз етті.

Қолдану облысы

ауылшаруашылығы, қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығы