ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08956574, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00257

АтауыСиыр сүтінен бөлініп алынған Staphylococcus aureus штаммдарының антибиотикорезистенттілігі

Басымдық бағытыУстойчивое развитие агропромышленного комплекса и безопасность сельскохозяйственной продукции

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество «Костанайский региональный университет имени А. Байтурсынова»

Ғылыми жетекшіРыщанова Раушан Миранбаевна

МҒТС балдары29.33

Жалпы бекітілген сома4999631


Күтілетін нәтижелер

Зерттеулердің нәтижелері және олардың жаңалығы. Нәтижесінде субклиникалық мастит сатысында сиырлардан сүт алынды. Сүт сынамаларына бактериологиялық зерттеу жүргізілді. Staphylococcus aureus-тің 64 бактериялық өсінділері оқшауланған және анықталған. Изоляттардың полистирол планшеттерінде адгезия әдісімен биофильмнің түзілу қабілетіне зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде изоляттардың 76,6% - ы биофильмнің пайда болу қабілетіне ие болды. Изоляттардың бета-лактамдар, аминогликозидтер, тетрациклиндер, макролидтер және сульфаниламидтер тобындағы антибиотиктерге сезімталдығы анықталды. S. aureus изоляттарының ең көп саны тетрациклинге (48.4%), ампициллинге (45.3%), пенициллинге (45.3%) және доксициклинге (32.8%) төзімді болды. Полимеразды тізбекті реакция әдісімен антибиотикке төзімділік гендерін зерттеу BlaZ (46,9%), ermC (23,4%), tetK (29,7%),tetm (14%) генінің болуын көрсетті.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Staphylococcus aureus штаммдарының бактериялық өсінділері

Жұмыс мақсаты

Қостанай облысының сүтті табындарындағы клиникалық сау сиырлардан бөлінген S. aureus төзімді штаммдарының таралуын зерттеу

Зерттеу әдістері

микробиологиялық, молекулалық-генетикалық

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Нәтижесінде субклиникалық мастит сатысындағы сиырлардан сүт алынды. Сүт сынамаларына бактериологиялық зерттеу жүргізілді. Staphylococcus aureus изоляттары бөлініп, анықталды. Изоляттардың полистирол планшеттерінде адгезия әдісімен биоқабықшаның түзілу қабілетіне зерттеу жүргізілді. Изоляттардың бета-лактамдар, аминогликозидтер, тетрациклиндер, макролидтер және сульфаниламидтер тобындағы антибиотиктерге сезімталдығы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша ветеринарлық медицина саласындағы теория мен тәжірибеде сиырларда мастит тудыратын патогендік микроорганизмдердің төзімділігіне қатысты жаңа ғылыми мәліметтермен толықтырылады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

алынған деректер медициналық және ветеринариялық тәжірибеде қолданылатын болады және жануарлар мен халықтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған антибиотикке төзімділікпен күрес тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді

Қолдану облысы

ғылыми, диагностикалық орталықтар, ветеринариялық зертханалар

2021 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2021 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Staphylococcus aureus штаммдарының бактериялық өсінділері

Жұмыс мақсаты

Қостанай облысының сүт табындарындағы клиникалық сау сиырлардан бөлінген S. aureus төзімді штаммдарының таралуын зерттеу

Зерттеу әдістері

микробиологиялық, молекулалық-генетикалық

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Зерттеулердің нәтижелері және олардың жаңалығы. Нәтижесінде субклиникалық мастит сатысында сиырлардан сүт алынды. Сүт сынамаларына бактериологиялық зерттеу жүргізілді. Staphylococcus aureus-тің 64 бактериялық өсінділері оқшауланған және анықталған. Изоляттардың полистирол планшеттерінде адгезия әдісімен биофильмнің түзілу қабілетіне зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде изоляттардың 76,6% - ы биофильмнің пайда болу қабілетіне ие болды. Изоляттардың бета-лактамдар, аминогликозидтер, тетрациклиндер, макролидтер және сульфаниламидтер тобындағы антибиотиктерге сезімталдығы анықталды. S. aureus изоляттарының ең көп саны тетрациклинге (48.4%), ампициллинге (45.3%), пенициллинге (45.3%) және доксициклинге (32.8%) төзімді болды. Полимеразды тізбекті реакция әдісімен антибиотикке төзімділік гендерін зерттеу BlaZ (46,9%), ermC (23,4%), tetK (29,7%),tetm (14%) генінің болуын көрсетті.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Жергілікті және аймақтық деңгейде маститтің субклиникалық формасы бар сиыр сүтінен бөлінетін S. aureus төзімді штамдарының таралу дәрежесі анықталды.

Қолдану облысы

мал шаруашылығы сүт фермалары, ғылыми, диагностикалық орталықтар, ветеринарлық зертханалар