ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08956706, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00564

АтауыЦифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер»

Басымдық бағытыНаучные основы «Мәңгілік ел» (образование XXI века, фундаментальные и прикладные исследования в области гуманитарных наук)

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский национальный университет имени аль-Фараби"

Ғылыми жетекшіЕрекешева Лаура Гибратовна

МҒТС балдары27.66

Жалпы бекітілген сома4369169.56


Күтілетін нәтижелер

1) Кеңістік ұғымы мен символдың семиотикалық теорияларымен байланысты теориялық тәсілдер қарастырылып, кеңістік пен символға салыстырмалы талдау жүргізілді, әрі олардың бір-бірімен байланысы және символдық репрезентацияға кеңістіктегі өзгерістердің әсері анықталды. Когнитивті теориялар контекстінде eReligion және iReligion ұғымдарына талдау жасалынды. 2) Теориялық болжамды растау және эмпирикалық деректерді алу үшін үш фокус-топтарта төрт онлайн сұхбат, тереңдетілген сұхбат және онлайн сараптамалық сауалнама.жүргізілді; 3) Фокус-топтардың, сондай-ақ екі тереңдетілген сұхбаттың нәтижелері осы есептің сәйкес бөлімінде талданып, жоба жетекшісінің ғылыми мақаласында көрсетілді. 4) Қазақстандық және шетелдік сарапшылар арасында онлайн сараптамалық сауалнамалар жүргізілді. Нәтижелер баяндаманың сәйкес бөлімінде, екі жобаға қатысушының ғылыми мақалаларында және жоба жетекшісінің халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде берілген. 5) Аралас (онлайн/офлайн) форматта халықаралық ғылыми конференция өткізілді. (15 сәуір 2021 ж.). Халықаралық конференцияның негізгі нәтижелері жоба жетекшісінің ғылыми шолуында көрініс тапты. 6) ҚазҰУ Шығыстану факультетінің магистранттары, докторанттары және жас оқытушыларына арналған ғылыми семинар өтті (29 сәуір 2021 ж.). 6) Онлайн платформа / веб-сайт әзірленіп, жасалынды. 7) Жобаның нәтижелері ғылыми басылымдарда көрсетілген


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Қазақстан Республикасының сунниттік исламдық және православтық христиандық конфессияларындағы діни оқу орындары мен тәжірибелері.

Жұмыс мақсаты

Сыртқы ортадағы мен әлеуметтік өзара іс-қимыл мен байланыс нысандарының цифрландырудан туындаған, жаһандық COVID-19 пандемиясының әсерінен жеделдетілген өзгерістерінің Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелерге әсерін зерттеу.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістемесі кеңістікке қатысты өзара әр түрлі теориялық тәсілдердің - «кеңістіктің өндірісі» (А. Лефебвр), проксемика және тұлғааралық арақашықтық теориясы (Э. Холл), құрылымдық-функционалдық теориядағы жүйелерді (T.Парсонс) талдау мен корреляцияға негізделген. Жобаны жүзеге асыру барысында зерттеудің келесі эмпирикалық сапалық әдістері қолданылды - салыстырмалы талдау, фокус-топтардағы сұхбат, сараптамалық сауалнама, сараптамалық пікірталас.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

2020 жылғы зерттеу жұмысы барысында (қазан-қараша) келесі нәтижелер алынды: 1) кеңістік ұғымы туралы әдістемелік, теориялық мәселелер қарастырылды; 2) пандемияның діни салаға әсері туралы соңғы, әсіресе 2020 жылы жарық көрген шетелдік авторлардың еңбектеріне тарихнамалық шолу жасалды; 3) қазақстандық және шетелдік сарапшыларға арналған үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сауалнамалар; фокус-топтарға бағытталған сұхбаттасудың нұсқаулығы/ ұйымдастырылған жоспары әзірленді; 4) фокус-топтарда онлайн режимінде сұхбат; онлайн-сараптамалық сауалнама жүргізілді; 5) желілік платформаның / веб-сайттың тұжырымдамасы мен алдын-ала құрылымы жасалды. Сарапшылар мен фокус-топ қатысушыларының жаңа болып табылатын үрдістерге қатысты қатынастарының эмпирикалық өлшемдер жүргізілгендіктен, алынған нәтижелер жаңа болып табылады. Сонымен қатар, әдіснамалық тәсіл ретінде кеңістіктің түрлі теориялық тұжырымдамалары бір-бірімен салыстырылды, соның негізінде діни кеңістікке қатысты мәселелер әрі қарай қарастырылатын болады. Алынған нәтижелер ғылыми мақала жазуға негіз болды, мақала жазу жұмысы басталды және одан әрі жалғасады.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Негізгі конструктивті және техникалық-экономикалық көрсеткіштер: - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сараптамалық анкеталар жасалып, «Гугл-формс» автоматтандырылған жүйе арқылы сараптамалық сауалнама жүргізілді; - бағытталған сұхбат жүргізуге арналған нұсқаулық / бағдарлама құрастырылды; 3 фокус-топта 4 бағытталған сұхбат өткізілді; - жоба аясында онлайн-платформаның / веб-сайттың бастапқы құрылымы жасалды.

Қолдану облысы

Нәтижелерді қолдану саласы: ғылыми-зерттеу, білім беру, практикалық (мемлекеттік басқару саласында, оның ішінде діни салада, мемлекеттік-зайырлы және конфессияаралық диалогта).