ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08957241, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00367

АтауыПолимер-металдық мультиқабатты нанокатализаторларды әзірлеу

Басымдық бағытыНаучные исследования в области естественных наук

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский Национальный Исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева"

Ғылыми жетекшіСеленова Багадат Саматовна

МҒТС балдары28.66

Жалпы бекітілген сома5000000


Күтілетін нәтижелер

Алғаш рет жоғары зарядталған полимер PAMPSNa негізінде LbL әдісімен көп қабатты катализаторларды алу үшін Pd және Cu иондары бар комплекс түзуші қасиеті зерттелді.


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Жоғары зарядталған полиамфолиттерге негізделген каталитикалық жүйелерді қабаттасып құрастыру әдісі: поли (3-акриламидопропил) триметиламмоний хлориді (ПАПТАК) және поли-2-акриламид-2-метил-1-натрий пропансульфонаты (ПАМПСNа) металл иондарының қатысуымен (палладий мен мыс).

Жұмыс мақсаты

Функционалды полимерлерді катализде қолдану үшін қабатты қабаттастыру арқылы көп қабатты полимерлі металл нанокомпозиттерін құру.

Зерттеу әдістері

Алынған полимерлер ИҚ- және ЯМР-спектроскопия әдістерімен анықталды. Комплекс түзу процессі потенциометрлік және кондуктометрлік титрлеу әдістерімен зерттелді.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Жоғары зарядталған ПАМПСNa полимерлерін Pd және Cu иондарымен комплекстеу мүмкіндігін зерттеу үшін потенциометриялық және кондуктометриялық әдістер қолданылды. Алғаш рет жоғары зарядталған полимер ПАМПСNa негізінде LbL әдісімен көп қабатты катализаторларды алу үшін Pd және Cu иондары бар комплекс түзуші қасиеті зерттелді.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Қабаттау әдісі арқылы (Layer-by-Layer LbL әдіс) ПАМПСNa полимерінің металл иондарымен (палладий және мыс) архитектурасы мен физика-химиялық қасиеті реттелетін каталитикалық жүйенің жаңа түрі алынды.

Енгізу дәрежесі

Зерттеу іске асырудың бастапқы сатысында болғандықтан, зерттеудің соңында енгізу бойынша ұсыныстар беріледі.

Тиімділігі

Алынған іргелі зерттеулер LbL әдісімен мультиқабатты нанокатализаторлар алу үшін қолданылады.

Қолдану облысы

Химия, катализ