ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP08957287, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0120РК00486

АтауыДәрежелі жалпыланған космологиялық модельдердегі космологиялық параметрлердің шектеулерін зерттеу

Басымдық бағытыНаучные исследования в области естественных наук

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Евразийский Национальный университет имени Л.Н. Гумилева"

Ғылыми жетекшіАлтайбаева Азиза Биболовна

МҒТС балдары30.33

Жалпы бекітілген сома4821000


Күтілетін нәтижелер

Скаляр өрісті және Чаплыгин газы бар гравитацияның модификацияланған модельдері үшін шешімдер. Модификацияланған модельдердің әр түрлі жағдайлары үшін дәрежелі модельдерінің әрекеті қарастырылады. Қарастырылған модельдердің қызыл ығысу, қысым, тығыздық және басқалар сияқты параметрлеріне талдау жүргізіледі..


2020 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2020 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу нысаны – Ғаламның үдемелі кеңею құбылысы. Ғалам эволюциясының нюанстарын зерттеу үшін Ia супернова және жұлдыздардан, жұлдыздар шоғырларынан және белсенді галактикалық ядролардан радиацияның қызыл ығысуы зерттелуде. Зерттелген дәрежелі космологиялық модельді тексеру үшін қара құрдымдар қарастырылады. Крот індері апробацияға балама ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жұлдыздардың, шаң жинақталуының және басқа астрофизикалық объектілердің эволюциясы қарастырылады.

Жұмыс мақсаты

Жоба мақсаты – Эйнштейндік және модифицирленген гравитация модельдеріндегі дәрежелі космологиялық модель үшін қазіргі заманғы бақылау деректерінің қанағаттандыруын зерттеу.

Зерттеу әдістері

Аналитикалық және сандық.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Нетер симметрия әдістерімен жалпыланған F (R, T) - космологиялық модельдің белгілі бір шешімі ретінде масштабты фактор үшін дәрежелі шешімі алынады. Дәрежелі масштабты фактордың әртүрлі типтері үшін ллынған модель модельдің космологиялық параметрлері алынды. Атап айтқанда, бақылау деректерін қанағаттандыратын қысым, тығыздық, күй параметрінің теңдеуі, тежелу және серпінді параметрлер алынды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Экономикалық тиімділігі - осы бағдарлама бойынша зерттеулер іргелі сипатқа ие, сондықтан бағдарламаның техникалық және экономикалық іске асырылуы қамтамасыз етілмеген.

Қолдану облысы

Жоба нәтижелерін қолдану аясы зерттеудің іргелі сипатына байланысты және ғылыми зерттеулерде қолданылуы жоспарланып отыр. Атап айтқанда, олар әр түрлі астрофизикалық объектілерді, мысалы жұлдыздарды, қара құрдымдарды және басқаларын зерттеу кезінде қажет болады. Нәтижелерді қолдану аймағы гравитациялық коллапсты, гравитациялық толқындардың пайда болуын зерттеуге дейін созылады. Алынған модельдер Ғаламның эволюциясын зерттеуде қолданылатын болады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде қолданылатын болады.

2021 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2021 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Ғаламның үдемелі кеңею құбылысы. Ғалам эволюциясының нюанстарын зерттеу үшін Ia супернова және жұлдыздардан, жұлдыздар шоғырларынан және белсенді галактикалық ядролардан радиацияның қызыл ығысуы зерттелуде. Зерттелген дәрежелі космологиялық модельді тексеру үшін қара құрдымдар қарастырылады.

Жұмыс мақсаты

Эйнштейндік және модифицирленген гравитация модельдеріндегі дәрежелі космологиялық модель мен олардың шектеулері үшін қазіргі заманғы бақылау деректерінің қанағаттандыруын зерттеу

Зерттеу әдістері

Аналитикалық және сандық

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Скаляр өрісті және Чаплыгин газы бар гравитацияның модификацияланған модельдері үшін шешімдер. Модификацияланған модельдердің әр түрлі жағдайлары үшін дәрежелі модельдерінің әрекеті қарастырылады. Қарастырылған модельдердің қызыл ығысу, қысым, тығыздық және басқалар сияқты параметрлеріне талдау жүргізіледі..

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Осы бағдарлама бойынша зерттеулер іргелі сипатқа ие, сондықтан бағдарламаның техникалық және экономикалық іске асырылуы қамтамасыз етілмеген.

Қолдану облысы

Жоба нәтижелерінің ауқымы зерттеудің іргелі сипатына байланысты және ғылыми зерттеулерде қолдану жоспарлануда. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде қолданылатын болады.