ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP09057934, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00271

АтауыСулы-майлы қоспаларды бөлуге арналған инновациялық мембраналарды жасап шығару

Басымдық бағытыГеология, добыча и переработка минерального и углеводородного сырья, новые материалы, технологии, безопасные изделия и конструкции

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Евразийский Национальный университет имени Л.Н. Гумилева"

Ғылыми жетекшіЗдоровец Максим Владимирович

МҒТС балдары30.33

Жалпы бекітілген сома53998985


Күтілетін нәтижелер

Стеарилметакрилді фотоиницирленген егу полимеризация жолымен полиэтилентерефталатты тректі мембраналарды (ПЭТФ ТМ) модификациялау әдістері зерттелді, кеуек құрылымын және гидрофобтауды (сулану бұрышы 106° жетті) сақтауға әкелетін оңтайлы параметрлер табылды. Трихлор(октил)силанмен технологиялық қарапайым реакция арқылы мембраналарды гидрофобтау әдісі жасалды. Оңтайлы параметрлерде гидрофобтау арқылы суланудың шеткі бұрышын 99° дейін жеткізуге болады. Газ өткізгіштігі кеуек мөлшерінің аз ғана өзгеруін көрсетті, ЭДТ силанның мембрана бетіне біркелкі таралуын растады. Гидрофобтандырылған ПЭТФ ТМ хлороформдағы су және цетандағы су құрамды эмульсияларды бөлу негізінде сыналды. Мембраналар хлороформ-су және цетан-су эмульсиялары үшін сүзу барысында 10 цикл бойы тұрақты өнімділік мәндерін және бөліну дәрежесін көрсетті. Кеуек диаметрі ~ 350 нм және қысымы 700 мбар болған мембраналар хлороформ-су үшін 305 мл/м2с және цетан-су эмульсиясы үшін 75 мл/ м2с ағын мөлшерін көрсетті. Нәтижелерге сәйкес су-май эмульсияларын бөлу кезінде алынған мембраналарды пайдалану мүмкіндігінің жоғары дәрежесі байқалды.


Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Полиэтилентерефталат негізіндегі тректі мембраналар

Жұмыс мақсаты

Су-май қоспаларын бөлуді тиімді қолдану үшін тректі мембраналарды модификациялау әдістерін дайындау

Зерттеу әдістері

Егу полимеризациясы, ИҚ-спектроскопия, атомдық-күштік микроскопия, энергодисперсиялық талдау, газ өткізгіштігі, суланудың шеткі бұрышы

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Стеарилметакрилді фотоиницирленген егу полимеризация жолымен полиэтилентерефталатты тректі мембраналарды (ПЭТФ ТМ) модификациялау әдістері зерттелді, кеуек құрылымын және гидрофобтауды (сулану бұрышы 106° жетті) сақтауға әкелетін оңтайлы параметрлер табылды. Трихлор(октил)силанмен технологиялық қарапайым реакция арқылы мембраналарды гидрофобтау әдісі жасалды. Оңтайлы параметрлерде гидрофобтау арқылы суланудың шеткі бұрышын 99° дейін жеткізуге болады. Газ өткізгіштігі кеуек мөлшерінің аз ғана өзгеруін көрсетті, ЭДТ силанның мембрана бетіне біркелкі таралуын растады. Гидрофобтандырылған ПЭТФ ТМ хлороформдағы су және цетандағы су құрамды эмульсияларды бөлу негізінде сыналды. Мембраналар хлороформ-су және цетан-су эмульсиялары үшін сүзу барысында 10 цикл бойы тұрақты өнімділік мәндерін және бөліну дәрежесін көрсетті. Кеуек диаметрі ~ 350 нм және қысымы 700 мбар болған мембраналар хлороформ-су үшін 305 мл/м2с және цетан-су эмульсиясы үшін 75 мл/ м2с ағын мөлшерін көрсетті. Нәтижелерге сәйкес су-май эмульсияларын бөлу кезінде алынған мембраналарды пайдалану мүмкіндігінің жоғары дәрежесі байқалды.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

99,5-99,9% - ға жететін хлороформ-су және цетан-су құрамындағы эмульсияларды тазартудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді

Тиімділігі

Жұмыстың маңыздылығы: су-май қоспаларын бөлуді қолдану үшін мембраналарды модификациялау әдістерін дайындау болып табылады.

Қолдану облысы

Мембраналық технологиялар, су-май эмульсияларын бөлу