ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP09058420, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00231

АтауыОңтүстік Балқаш маңы шөлді жайылымдарының антропогенді-деградацияланған жылжымалы құмдарын қалпына келтіру технологиясын әзірлеу

Басымдық бағытыРациональное использование водных ресурсов, животного и растительного мира, экология

Зерттеу типі/түріҚолданбалы

Өтінім берушіНекоммерческое акционерное общество "Казахский национальный аграрный исследовательский университет"

Ғылыми жетекшіНаушабаев Асхат Хамитович

МҒТС балдары28.33

Жалпы бекітілген сома47842144


Күтілетін нәтижелер

а) шөлді құмды топырақтардан жылжымалы құмды шағылдардың түзілуне ықпал еткен факторлар және олардың экологиялық-мелиоративтік жағдайы анықталды; б) Оңтүстік Балқаш өңірінің климаттың көпжылдық және маусымдық ерекшеліктері, жылжымалы құмдардың жер бедері мүсіндері мен гидротермиялық құбылымдарының динамикасы және олардың желге қарсы қалқандарды орнату орындарына, құмды нығайтатын орман бұталары көшеттер отырғызу мерзімдеріне әсері анықталды; в) акрил мономерлері негізінде синтездеу арқылы гидрогельдер алынды және олардың физико-химиялық қасиеттері мен ісіну дәрежелері; г) құмды шөлдердің аборигенді және келешегі бар интродуцияланатын құмды нығайтатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері зерттелді және олардың питомниктері ұйымдастырылды; д) гидратталған полимерлі гидрогельдердің су сыйымдылығы мен құмның солу ылғалдылығына әсері; ж) құмды нығайтатын орманды бұталар көшеттерінің жерсінуіне әртүрлі дәрежеде үрленетін желгер қарсы қалқандардың және полимерлі гидрогельдерді қолдану мөлшерлерінің тиімділігі анықталынды. Ғылыми жаңалығы; алғаш рет Оңтүстік Балқаш өңірінің шөлді жайылымдарының жылжымалы құмдарының ошақтарында құм күшейтетін орман бұталарының көшеттерін өсіру кезінде жергілікті климаттық жағдайлар мен биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі су сипаттамаларының ҚПГ пайдаланылады және жылжымалы құмды бекітудің механикалық және фитомелиоративтік әдістерін біріктіретін аралас технологиялар әзірленеді;


Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

жылжымалы құмды шағылдарға айналған шөлді жайылымдардың антропогенді-деградацияға ұшыраған құмды топырақтары, күшті ісінетін полимерлі гидрогельдер, құмды нығайтатын орман мен бұта өсімдіктері.

Жұмыс мақсаты

наноматериалдарды қолдану арқылы жылжымалы құмдарды бекітудің механикалық және фитомелиоративті әдістерінің элементтерін оңтайлы үйлестіру негізінде Оңтүстік Балқаш аймағының шөлді жайылымдарының үрленетін құмды ошақтарының топырақ - өсімдік жамылғысын тиімді қалпына келтірудің инновациялық аралас технологияларын әзірлеу.

Зерттеу әдістері

Әдістері – салыстырмалы-географиялық, салыстырмалы-аналитикалық, физикалық модельдеу әдісі.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

а) шөлді құмды топырақтардан жылжымалы құмды шағылдардың түзілуне ықпал еткен факторлар және олардың экологиялық-мелиоративтік жағдайы анықталды; б) Оңтүстік Балқаш өңірінің климаттың көпжылдық және маусымдық ерекшеліктері, жылжымалы құмдардың жер бедері мүсіндері мен гидротермиялық құбылымдарының динамикасы және олардың желге қарсы қалқандарды орнату орындарына, құмды нығайтатын орман бұталары көшеттер отырғызу мерзімдеріне әсері анықталды; в) акрил мономерлері негізінде синтездеу арқылы гидрогельдер алынды және олардың физико-химиялық қасиеттері мен ісіну дәрежелері; г) құмды шөлдердің аборигенді және келешегі бар интродуцияланатын құмды нығайтатын өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері зерттелді және олардың питомниктері ұйымдастырылды; д) гидратталған полимерлі гидрогельдердің су сыйымдылығы мен құмның солу ылғалдылығына әсері; ж) құмды нығайтатын орманды бұталар көшеттерінің жерсінуіне әртүрлі дәрежеде үрленетін желгер қарсы қалқандардың және полимерлі гидрогельдерді қолдану мөлшерлерінің тиімділігі анықталынды. Ғылыми жаңалығы; алғаш рет Оңтүстік Балқаш өңірінің шөлді жайылымдарының жылжымалы құмдарының ошақтарында құм күшейтетін орман бұталарының көшеттерін өсіру кезінде жергілікті климаттық жағдайлар мен биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі су сипаттамаларының ҚПГ пайдаланылады және жылжымалы құмды бекітудің механикалық және фитомелиоративтік әдістерін біріктіретін аралас технологиялар әзірленеді;

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

-

Енгізу дәрежесі

енгізілмеген

Қолдану облысы

ҒЗЖ нәтижелері шөлді жайылымдардың құмды топырақтарының антропогендік деградациясынан пайда болған жылжымалы құмдарды қалпына келтіру үшін қолданылуы мүмкін.