ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ
ЖТНBR09458960, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00705
Атауы2021-2023 жылдарға арналған патогенді микроорганизмдердің антибиотикке резистенттігінің реверсиясын зерттеу
Басымдық бағытыНаука о жизни и здоровье
Зерттеу типі/түріҚолданбалы зерттеулер
Өтінім берушіАкционерное общество "Научный центр противоинфекционных препаратов"
Ғылыми жетекшіКоротецкий Илья Сергеевич
МҒТС балдары29.33
Жалпы бекітілген сома1007550096.68
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
01 |
2021-2023 жылдарға арналған патогенді микроорганизмдердің антибиотикке резистенттігінің реверсиясын зерттеу |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Аурухана ішілік инфекцияларды жиі тудыратын кем дегенде 20 клиникалық изолят жиналып, сипаттамасы зерттеліп, секвенирленеді. Реттілігі NCBI халықаралық деректер базасына сақтауға беріледі. Кем дегенде бес изолят Отар қаласының Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтындағы микроорганизмдер жинақтамасында сақталады.
Жануарлардың эксперименттік инфекциясы кезінде антибиотиктермен координациялық қосылыстарды үйлестіре отырып емдеу уақытындағы микробиологиялық және иммуннологиялық параметрлер бағаланады.
Патогенді микроағзалар геномдарындағы генетикалық және эпигенетикалық өзгерістер, сондай-ақ эксперименттік жануарлардың патогенді энтеробактериялар популяциялары мен микробиомаларындағы вируленттік плазмидалар мен патогендіктің геномдық аралшықтарының тарау қарқынына координациялық қосылыстардың тигізетін ықпалы зерттеледі.
Антибиотиктердің фармакокинетикасына координациялық қосылыстардың әсері зерттеледі. Терапияның фармакодинамикалық моделі жасалады.
Сондай-ақ, координациялық қосылыс негізінде таблеткаланған дәрілік нысанды жасау мақсатында зерттеулер жоспарлануда. Препаратты стандарттау әдістері жасалады. Өндіріс кезінде дәрілік түрдің сапасын бақылау үшін нормативтік құжаттар (сапа спецификациясы, ВАНД) жасалады және бекітіледі.
|
01.01 |
Микроорганизмдердің дәрі-дәрмектерге төзімді түрлері тудырған ауруларды емдеуге арналған препараттар үйлесімдерін in silico үлгілеу және in vitro сынап көру |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Ауруханалық инфекцияларды жиі тудыратын 14 клиникалық изоляттарды, жинау, сипаттау, секвенирлеу және жүйелеу жүргізіледі, антибиотиктерге сезімталдық бейіні анықталады. Секвенирлеу нәтижелері бойынша биоинформатикалық үлгілеу жүргізіледі және препараттар үйлесімдері ұсынылады. Микробиологиялық әдістердің көмегімен in vitro препараттар үйлесімінің нәтижелілігі зерттеледі. |
01.02 |
Іn vivo зерттеулерде антибиотиктерге деген сезімталдықты қайтаруға негіз болатын механизмдерді зерттеу |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Моноциттер мен гранулоциттердің фагоцитарлық және тотықтандыру белсенділігі in vitro зерттеледі. Антибиотиктерге сезімталдықты қайтаруға негіз болатын механизмдерді зерттеу үшін инфекциялық үлгі іріктеледі. |
01.03 |
Дәрілерге төзімді микроорганизмдер, координациялық қосылыстар тудыратын ауруларға терапияның тиімділігін зерттеу |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Микроорганизмдер тудыратын дәріге төзімді ауруларға емдеудің тиімділігін зерттеу үшін жануарлардың эксперименттік моделі таңдалады. Микроорганизмдер тудырған дәріге төзімді ауруларды емдеу тиімділігін зерттеу үшін, инфекциялық агенттер мен дәрілік препараттар in vitro таңдалады. |
01.04 |
Терапия режимінің зерттелетін заттармен антибиотикке тұрақтылығына әсерін зерттеу. |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Жаңа дәрілік препаратты фармацевтикалық түрде әзірлеу үшін, in vitro таңдалған антибиотик пен координациялық қосылыс комбинациясының уыттылығы зерттеледі. |
01.05 |
Координациялық қосылыстың негізінде препаратты фармацевтикалық әзірлеу |
"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы " акционерлік қоғамы |
Коротецкий Илья Сергеевич |
Координациялық қосылыстың гранулометриялық құрамы анықталады. Координациялық қосылыс бөлшектерінің пішіні мен мөлшері зерттеледі. Координациялық қосылыстың физикалық-химиялық қасиеттері (ергіштігі, рН, салмағының азаюы және т.с.с.) зерттеледі. Қосалқы заттардың координациялық қосылыстың қасиеттеріне тигізетін ықпалы зерттеледі. |