ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ


ЖТНAP09561457, Мемлекеттік тіркеу нөмірі0121РК00688

АтауыГендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар: Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасын зерттеу

Басымдық бағыты

Зерттеу типі/түріІргелі

Өтінім берушіНАО "Казахский национальный педагогический университет имени Абая"

Ғылыми жетекшіБурибаев Ермек Абильтаевич

МҒТС балдары26

Жалпы бекітілген сома4981900

ҰҒК шешімі
Файл жоқ


Күтілетін нәтижелер

Нәтижелер алынды: жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында гендерлік дискриминациялауға тыйым салу қағидаты кепілдіктерінің құқықтық негіздеріне кешенді талдау; жұмыс орындарында және әлеуметтік қорғау саласында гендерлік теңсіздікті жою үшін қажетті заңнамалық ұсыныстарды, ұсынымдарды негіздеу; конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін мақалаларды жариялау, еңбек қызметі және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында дискриминацияға тыйым салу кепілдіктерін жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу; авторлық куәлікті ресімдеу.


2021 жылға арналған есепті көшіру (Орыс тілінде) 2021 жылға арналған есепті көшіру (Ағылшын тілінде)

Реферат (Абстракт) - 2021 жыл

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі

Зерттеу объектісі еңбектік, олармен тікелей байланысты қатынастар, сондай-ақ әлеуметтік-қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар болып табылады.

Жұмыс мақсаты

Жобаның мақсаты қолданыстағы әлеуметтік-еңбек заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсынымдарды, әлеуметтік-еңбек саласындағы дискриминациялауға тыйым салу қағидатының кепілдіктерін қамтамасыз ету тетіктерін қалыптастыруға байланысты нақты ұсыныстарды енгізуге дайындау болып табылады.

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері: формальды-заңдық (догматикалық), социологиялық-құқықтық, құқықтық модельдеу әдісі, құқықтық танымның сыни-құқықтық әдісі, гендерлік мәселелерді анықтау тұрғысынан еңбек және әлеуметтік құқық нормаларының құқық қолдану мониторингі.

Алынған нәтижелер мен олардың жаңалығы

Нәтижелер алынды: жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында гендерлік дискриминациялауға тыйым салу қағидаты кепілдіктерінің құқықтық негіздеріне кешенді талдау; жұмыс орындарында және әлеуметтік қорғау саласында гендерлік теңсіздікті жою үшін қажетті заңнамалық ұсыныстарды, ұсынымдарды негіздеу; конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін мақалаларды жариялау, еңбек қызметі және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында дискриминацияға тыйым салу кепілдіктерін жетілдіру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу; авторлық куәлікті ресімдеу.

Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Әлеуметтік және еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу кепілдіктерін құқықтық реттеудің сапасы мен нысандарын жақсартудың қазіргі заманғы өзекті бағыттары бойынша қорытындылар, ұсыныстар қалыптастыру.

Қолдану облысы

Зерттеу нәтижелерінің қолданылу саласы: жоба қорытындылары Қазақстанның еңбек қатынастары, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту саласындағы одан әрі ішкі саяси бағытын айқындау және іске асыру процесінде; заң шығару процесінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын құқықтық реттеу сапасын арттыру мақсатында, оның ішінде әмбебап стандарттарды имплементациялау әдісін пайдалана отырып қолданылуы мүмкін.