2019 жылы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының сапасын қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамажүргізу үшін қазақстандық және шетелдік сарапшылардың сандық құрамын ұлғайту (кемінде 800 сарапшы);
Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың іске асырылу барысының мониторингін ұйымдастыруды қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды орындау (ҰҒК-нің 2019 жылға арналған шешіміне сәйкес);
Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды (орташа саны – 38), ҒЗЖ есептерін (- 1342) мемлекеттік есепке алу, тіркеу, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (- 90) мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасында қорғалған PhD диссертацияларын (- 260) мемлекеттік есепке алу;
2017 және 2018 жылдардағы ҚазДҚ деректері бойынша қазақстандық ғылыми журналдардың сапасына бағалау жүргізу (саны - 146);
Департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық құжаттаманы жаңарту (2019 жылғы I-IV тоқсан);
«nauka.kz» сайтын қайта жаңарту (2019 жылғы желтоқсанға дейін);
ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның ішкі құқықтық актілерін жаңарту (2019 жылғы I-II тоқсан);
«ҰМҒТСО» АҚ ресми ресурстары арқылы қазақстандық ғылымның жетістіктерін жұртшылық арасында кеңінен жариялауды және насихаттауды ұйымдастыру (жылына орта есеппен 12-ге дейін ақпараттық материалдар);
«ҰМҒТСО» АҚ-ның қаржылық-экономикалық қызметін жоспарлау жүйесін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер шеңберінде жетілдіру (2019 жылға арналған даму жоспарына сәйкес);
«ҰМҒТСО» АҚ-да ҚР ISO 9001:2016 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін дамыту (СМЖ-нің 2019 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес);
«ҰМҒТСО» АҚ қаражаты есебінен қызметкерлердің біліктілігін арттыру (бекітілген жоспар негізінде).
«ҰМҒТСО» АҚ басшылығы сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру бойынша міндеттемелерді өзіне алады.
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы
Сапа саласындағы саясат:
ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, оларды қаржыландыру үшін сапалы іріктеу бойынша талаптарды орындауды;
елдегі ғылыми, білім беру саласы мамандарының хабардар болуына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамның сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыру:
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыруды, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды (есептерді) объективті және кешенді қарауды, олардың нәтижелерінің мәлімделген мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру;
ғылыми-техникалық ақпаратқа сұранысты үздіксіз зерделеу және зияткерлік нарықтағы өзгерістерге дереу ден қою;
сапаны қамтамасыз ету мақсатында әр қызметкердің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін персоналды жүйелі оқыту және біліктілігін арттыру;
қызметкерлердің еңбегі мен кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау;
технологиялық процестерді жетілдіруге барлық персоналды тарту, білім беру мекемелерімен, ғылыми-зерттеу институттарымен ұзақ мерзімді өзара тиімді өарым-қатынастарға бағдарлау;
ғылыми-техникалық ақпаратты өңдеу және талдау процестерінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру арқылы департаменттердің жұмыс сапасын жақсарту және қызметін жетілдіру;
қоғамның сапа менеджменті жүйесінің тиімді және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
ақпараттық ресурстарды өңдеу мен жүйелеудің техникалық (технологиялық) деңгейін арттыру, озық ақпараттық технологияларды енгізу;
ғылымға күш салатын әлеуетті инвесторлармен байланысты кеңейту, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізуге жәрдемдесуді қамтиды.
«ҰМҒТСО» АҚ басшылығы сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру бойынша міндеттемелерді өзіне алады.