Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, коммерцияландыру бойынша жобалар, ынталы жобалар және ұйыммен шарт жасау бойынша орындалатын жобаларды мемлекеттік есепке алу үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде тіркеу карталарды электрондық түрде www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар, коммерцияландыру бойынша жобалар, ынталы жобалар және ұйыммен шарт жасау бойынша орындалатын жобалар бойынша есептерді мемлекеттік есепке алу үшін есеп пен мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық карталарды электрондық түрде www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Есеп МЕМСТ 7.32-2017 «Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп» мемлекетаралық стандартына сәйкес рәсімделеді.
Ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін мемлекеттік есепке алу үшін Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тіркеуге өтінім және Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алу бойынша нысанды электрондық түрде www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:
Ғылыми зерттеулер бағдарламалары мен жобаларын тіркеу бөлімі:
+7 (727) 378 - 05 - 19; +7 (727) 378 - 05 - 20; +7 (727) 378 - 05 - 44; +7 (727) 378 - 39 - 93; +7 (727) 378 - 05 - 39.
Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасы:
+7 (727) 378 - 05- 32; +7 (727) 378 - 05- 45.