Құрметті конкурсқа қатысушылар!

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 11-тармағының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 5-9 қараша аралығында, қоса алғанда (үш жұмыс күні ішінде), 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі) аясында ұсынылып, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер пысықтауға жолданатынын хабарлайды.

Пысықталған өтінімдерді қайта жолдау мерзімі 2026 жылғы 9 қарашада сағат 23:59-да аяқталатынына назар аударамыз. Осыған орай, белгіленген мерзімде «Пысықтау» кезеңіндегі өтінімдерге ескертулерді ескере отырып, қажетті өзгерістер енгізуді және оларды қайта қарауға жіберуді сұраймыз.

04.11.2026
367