Құрметті конкурсқа қатысушылар!

 

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 11-тармағының талаптарына сәйкес, 2026 жылғы 09-11 ақпан аралығында, қоса алғанда (үш жұмыс күні ішінде) 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру үшін конкурсы аясында ұсынылып,  конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдерге пысықтау жүргізіледі.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 11 ақпанда сағат 23:59-да аяқталатынына назар аударамыз. Осыған орай, белгіленген мерзімде «Пысықтау» кезеңіндегі өтінімдердегі ескертулерді ескере отырып, қажетті өзгерістер енгізуді және оларды қайта қарауға жіберуді сұраймыз.

09.02.2026
573