
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестердің 2023-2025 жылдарға ҚР ҒЖБМ (1 есеп) және ҚР ЭТРМ 2024-2026 жылдарға (1 есеп) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстары шеңберінде бағдарламаларды іске асыру туралы аралық және қорытынды есептерді қарауды аяқтағанын хабарлайды.
2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 14-тармағының 3) тармақшасына және 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өтінім берушілер Ұлттық ғылыми кеңестің қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқылы.