Құрметті конкурсқа қатысушылар!

Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы аясындағы өтінімдерді қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі).

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде, ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.

Бұл ретте, Ереженің 15-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына назар аударыңыз:

1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;

3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;

4) анонимді өтініштер;

5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;

6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.

Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

30.06.2026
75