
Құрметті өтінім берушілер!
Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Жаратылыстану ғылымдары» ғылым бағыты бойынша «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2024-2026 және 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстары (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі) шеңберінде жобаларды іске асыру туралы қысқаша мәліметтерді қарауды аяқтағанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің 14-тармағының 3) тармақшасына (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 «Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өтінім берушілер Ұлттық ғылыми кеңестің қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқылы.
Ұлттық ғылыми кеңес қараған есептердің нәтижелері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылды.
Өтініштер сайтта нәтижелер орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданады.