«ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ
Қызмет саласы Ғылыми-техникалық сараптама, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу, Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру.
Орналасқан жері Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 221 үй
Телефон 8 (727) 378-05-59, 378-05-82, 378-09-22
Электрондық пошта
info@ncste.kz

 

БОС ОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бос орынның атауы (егер лауазым уақытша болмаған қызметкердің орны болса шарт көрсетілсін) Бас маман
Бөлімше / бөлім Нормативтік-құқықтық жұмыс басқармасының заң бөлімі
Кімге бағынады Басқарма және бөлім бастығына
Қызметтік жалақы 260 000 - 300 000 тг.
Қызметкердің функционалдық міндеттері
  • бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер, шарттар, лауазымдық нұсқаулықтар, ішкі нұсқаулықтар, ережелер және құқықтық сипаттағы басқа құжаттар жобаларының заңнамаға сәйкестігіне Заң сараптамасы;
    - норма шығармашылық жұмысқа қатысу: қолданыстағы НҚА-ға, ішкі НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жобаларды дайындау;
    - наразылық жұмысын жүргізу: контрагенттерден келіп түскен наразылықтарды есепке алуды қамтамасыз ету, оларды қарау; келіп түскен наразылықтарға жауаптарды және келіп түскен наразылықтарды қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің жобаларын дайындау;
    - талап-арыз жұмысы: шарттық дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау бойынша шаралар қабылдау;
    - талап-арыз жұмысы бойынша істерді жүргізу, соттарда Қоғамның мүдделерін білдіру. Талап арыздар мен материалдарды дайындау, оларды соттарға беру. «Сот кабинеті» электрондық жүйесімен жұмыс (талап арыздар мен оларға толықтырулар, өтініштер, қарсылықтар беру, мониторинг).
    -шарттың жобаларын әзірлеу (шетелдік әріптестермен шарттарды қоса алғанда), шарттық қатынастардың нысанын айқындау, контрагенттер шарттары жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, шарттардың жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу жөнінде шаралар қабылдау, шарттардың жекелеген түрлерін нотариалды куәландыруды және (немесе) мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету:
    - мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуі: Қоғам қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензияларды, рұқсаттарды алу үшін өтінімдерді, өтініштерді және өзге де құжаттарды дайындау;
    - құқықтық көмек және заң консультациясы, сондай-ақ хаттардың жобаларын, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға өтініштер мен шағымдарға жауаптарды келісу.
    - әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша Қоғам қызметкерлеріне жазбаша және ауызша кеңес беру, құқықтық құжаттарды құрастыруға құқықтық көмек көрсету;
    - Қоғамның және оның филиалдарының құрылтай құжаттарын тіркеуге, қайта тіркеуге, жоюға, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысу.

Білу

Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, еңбек, әкімшілік заңдар.

   «Акционерлік қоғам туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдар;

салық, қаржы, еңбек заңнамасы;

   ҚР Үкіметінің қаулылары және ғылыми-техникалық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілер;

қазіргі заманғы ақпараттық-цифрлық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;

еңбекті ұйымдастыру негіздері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары;

басқа ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен шарттар жасасу, ресімдеу және орындау тәртібі;

   іс жүргізу және электрондық құжат айналымы негіздері, жоспарлы-есептік құжаттаманы, ақпараттық құжаттар мен жарияланымдарды ресімдеу қағидалары; қызметкерлерге еңбекақы төлеу шарттары және материалдық көтермелеу нысандары; қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары.

Маманнан қандай нәтижелер күтесіз

Бастамашылдық, орындаушылық, функционалдық міндеттерін сапалы орындау, қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде нақты орындау, құқықтық жазудың жоғары дағдылары, нормашығармашылық.

Сынақ мерзімінің ұзақтығы  3 ай

 

Жұмыс кестесі 9.00-ден 18.30-ға дейін

Демалыс күндері –сенбі, жексенбі

Іссапарлар Мүмкін

 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Негізгі білімі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы жақсы
Жұмыс тәжірибесі / міндетті Мамандығы бойынша еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

 

Тілдерді білуі (деңгейін көрсету) Мемлекеттік тіл-еркін, орыс тілі-еркін, ағылшын тілі-жақсы деңгей 
Компьютерді меңгеру  Ақпараттық жүйелердің сенімді пайдаланушысы
Шетелдік білім  Құпталады

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Түйіндеме + 
Жеке куәліктің көшірмесі +
Диплом, сертификат көшірмесі +
Мінездеме-ұсыным Құпталады
Соттылығының жоқтығы туралы анықтама  +