«ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ

ІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ

Қызмет саласы

Ғылыми-техникалық сараптама саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Орналасқан жері

Алматы қ., Бөгенбай батырк-сі, 221 үй

Телефон

8 (727) 378-05-09

Электрондық мекенжай

info@ncste.kz

БОС ОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Бос орынның атауы (егер лауазым уақытша болмаған қызметкердің орны болса шарт көрсетілсін)

Бас маман

Бөлімше / бөлім

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының қазақстандық және шетелдік сарапшылармен жұмыс бөлімдері

Кімге бағынады

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының бастығы, вице-президент, Қоғам президенті

Қызметтік жалақы

300 мын теңге

Қызметкердің функционалдық міндеттері

-        Жобалар мен бағдарламаларға, ҒЗЖ туралы есептерге, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

-        сұратылып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау бойынша экономикалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;жобаның коммерциялық тартымдылығын және мәлімделген қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалау бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

-        жобалар мен бағдарламалардың конкурстық құжаттаманың, конкурстан тыс рәсімдердің және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне алдын ала және қайта тексеру жүргізу;

-        сараптама объектілерінің мамандануы мен ерекшеліктеріне сәйкес қазақстандық және шетелдік сарапшыларды іздеу, тарту және сапалы іріктеу;

-        ғылыми және экономикалық сарапшылардың дерекқорын қалыптастыру және өзектендіру;

-        қызмет көрсетуге тартылған сарапшылармен шарттарды және орындалған жұмыстардың актілерін қалыптастыру, қол қою, бухгалтерияға тапсыру;

-        ғылыми және экономикалық сараптамалардың нәтижелеріне статистикалық талдау жүргізу;

-        ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлім бастығының және басшылықтың тапсырмасы бойынша "ҰМҒТСО" АҚ мүдделерін білдіру және қорғау;

-        ғылыми және экономикалық сараптамаларды ұйымдастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

-        ғылыми және экономикалық сараптама процестерін әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық сүйемелдеу;

-        ғылыми және экономикалық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру;

-        ғылыми және экономикалық сараптама жүйесін жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу қызметі.ғылыми және экономикалық сараптамалар жүйесін жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу қызметі.

Маманнан қандай нәтижелер күтесіз

- нәтижеге қол жеткізу және Қоғамды одан әрі дамыту үшін кәсіби және коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

- кәсіпте дамуға, біліктілік деңгейін арттыруға ұмтылу;

- командада мәселелерді шешу және қарым-қатынас жасай білу;

- уақытты басқара білу;

- аналитикалық дағдыларды меңгеру;

- статистикалық талдау әдістерін білу;

- ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас дағдылары;

-автоматтандырылған басқару құралдарымен, оның ішінде Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier)сияқты ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу білімдері мен дағдыларын меңгеру.

Сынақ мерзімінің ұзақтығы

 3 ай

Жұмыс кестесі

09.00-ден 18.30-ға дейін

демалыс күндері –

сенбі, жексенбі

Іссапарлар

Мүмкін

 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Негізгі білімі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бейіні бойынша ғылыми дәрежесі міндетті, Ph.D / MBA, DBA құпталады

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

3 жылдан кем емес

Жұмыс тәжірибесі / міндетті/

Ғылыми-техникалық және сараптама қызметі саласында

Тілдерді білуі (деңгейін көрсету)

- свободное владение государственным и русским языками;

- владение английским языком не ниже уровня «Intermediate»;

- владение другими языками приветствуется

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу

ғылыми және экономикалық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық актілерін білу

Компьютерді меңгеру

- MS Office ақпараттық жүйелерінің сенімді пайдаланушысы MS Office (Excel, Word, PowerPoint, Outlook, Access);

- Интернетпен (Opera, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Сhrome)  және электрондық поштамен (Outlook Express) жұмыс істеу;

SPSS, Microsoft Power BI-мен жұмыс жасау дағдылары

Шетелдік білім

Құпталады

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Түйіндеме

Міндетті

Диплом, сертификат көшірмелері

Мүмкіндігінше аккредиттелген ұйымдардан қызмет саласы бойынша сертификаттардың болуы

Мінездеме-ұсыныс

Болғаны дұрыс

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Міндетті