Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

 

«ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ

ІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ

Қызмет саласы

Ғылыми-техникалық сараптама саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Орналасқан жері

Алматы қ., Бөгенбай батырк-сі, 221 үй

Телефон

8 (727) 378-05-09

Электрондық мекенжай

info@ncste.kz

БОС ОРЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Бос орынның атауы (егер лауазым уақытша болмаған қызметкердің орны болса шарт көрсетілсін)

Бас маман

Бөлімше / бөлім

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын сараптау бөлімі

Кімге бағынады

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының бастығы, вице-президент, Қоғам президенті

Қызметтік жалақы

300 мын теңге

Қызметкердің функционалдық міндеттері

-       ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (бұдан әрі – ҒҒТҚН коммерцияландыру) жобалары мен бағдарламаларына, ҒҒТҚН-ны коммерцияландырудың орындалған жобаларының нәтижелері туралы есептерге сараптаманы ұйымдастыру;

-       ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасының өзектілігін, ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану), коммерцияландыруға дайындық, техникалық және өндірістік тәуекелдерді бағалау бойынша технологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

-       жобаның коммерциялық тартымдылығын және мәлімделген қаржы-экономикалық көрсеткіштерінің негізділігін бағалау бойынша экономикалық (маркетингтік) сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу;

-       жобалардың конкурстық құжаттама талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне алдын ала және қайта тексеру жүргізу;

-       сараптама объектілерінің мамандануы мен ерекшеліктеріне сәйкес қазақстандық және шетелдік сарапшыларды іздеу, тарту және сапалы іріктеу;

-       «ҰМҒТСО» АҚ ғылыми және инновациялық қызмет субъектілерімен және сарапшылардың деректер базасын дамыту үшін серіктестік қарым-қатынасты орнату және дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

-       экономиканың тиісті салаларынан сарапшылардың деректер базасын қалыптастыру;

-       қызмет көрсетуге тартылған сарапшылармен шарттарды және орындалған жұмыстардың актілерін қалыптастыру, қол қою, бухгалтерияға тапсыру;

-      бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлім бастығының және басшылықтың тапсырмасы бойынша "ҰМҒТСО" АҚ мүдделерін білдіру және қорғау;

-      қоғам басшылығына талдамалы және ақпараттық анықтамалар, орындалған жұмыс және қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтер ұсыну;

-       ақпараттық-талдау жазбаларын, анықтамаларды жасау: сандық және сапалық талдауды қолдану;

-       ресми статистикалық деректермен жұмыс істей білу, сондай-ақ технологиялық және экономикалық (маркетингтік) сараптама нәтижелеріне статистикалық талдау жүргізу;

-       ғылым саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ бөлімнің әдістемелік және талдау материалдарын дайындауға қатысу;

-       сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлеріне, сарапшыларға және өтініш берушілерге консультация беру;

-       бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау жүргізу кезінде әртүрлі әдіснамалық құралдармен жұмыс істей білу;

-       ғылыми және экономикалық сараптамалар жүйесін жетілдіру мақсатында ғылыми-зерттеу қызметі;

-        іс қағаздарды жүргізу.

Маманнан қандай нәтижелер күтесіз

- нәтижеге қол жеткізу және қоғамды одан әрі дамыту үшін кәсіби және коммуникативтік дағдыларды пайдалану;

- кәсіпте дамуға, біліктілік деңгейін арттыруға ұмтылу;

- командада мәселелерді шешу және қарым-қатынас жасай білу;

- уақытты басқара білу;

- аналитикалық дағдыларды меңгеру;

- статистикалық талдау әдістерін білу;

- ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас дағдылары;

-автоматтандырылған басқару құралдарымен жұмыс істеу дағдылары мен білімдерін меңгеру.

Сынақ мерзімінің ұзақтығы

 3 ай

Жұмыс кестесі

09.00-ден 18.30-ға дейін

демалыс күндері –

сенбі, жексенбі

Іссапарлар

Мүмкін

 

ҮМІТКЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Негізгі білімі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр  дәрежесі міндетті,

Ph.D / MBA, DBA құпталады

Мамандығы бойынша еңбек өтілі

3 жылдан кем емес

Жұмыс тәжірибесі / міндетті/

Жобалау, тәжірибелік-конструкторлық, өндірістік-өнеркәсіптік, қаржы қызметтерінде, сондай-ақ бизнес-талдау, маркетингтік, экономикалық және технологиялық зерттеулер салаларында

Тілдерді білуі (деңгейін көрсету)

- свободное владение государственным и русским языками;

- владение английским языком не ниже уровня «Intermediate»;

- владение другими языками приветствуется

 

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу

Қазақстан Республикасының Ғылым және ҒҒТҚН жобаларын коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы, нормативтік және құқықтық актілерді білу және қолдану дағдылары міндетті

Компьютерді меңгеру

- MS Office ақпараттық жүйелерінің сенімді пайдаланушысы MS Office (Excel, Word, PowerPoint, Outlook, Access);

- Интернетпен (Opera, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Сhrome)  және электрондық поштамен (Outlook Express) жұмыс істеу;

Деректер базасымен, сондай-ақ ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдылары, SPSS, Microsoft Power BI

Шетелдік білім

Құпталады

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Түйіндеме

Міндетті

Диплом, сертификат көшірмелері

Мүмкіндігінше аккредиттелген ұйымдардан қызмет саласы бойынша сертификаттардың болуы

Мінездеме-ұсыныс

Болғаны дұрыс

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Міндетті