Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ғылымның «АҚПАРАТТЫҚ, КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс аясындағы өтінімдерді қарағанын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 658 Қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің 19-тармағының және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысының негізінде ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетте мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.

Бұл ретте, Ереженің 17-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынынаназар аударуды сұраймыз:

1) өтінімдері ҰҒК қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштері;

2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері бойынша өтініштер;

3) анонимді өтініштер;

4) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштер;

5) ҰҒК қойған  немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша алынған балдардың ұлғаюына немесе азаюына байланысты мәселелер бойынша өтініштер».

         Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

 

 

04.07.2023
962