«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ жұмысының маңызды бағыттарының бірі ғылым және ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Қоғамның басты мақсаты қазақстандық ғылымды халықаралық ғылыми-техникалық сараптама мен ақпарат жүйесіне одан әрі ықпалдастыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ-ның осыған ұқсас бейіндегі шетелдік ұйымдармен ынтымақтастығын нығайту және дамыту болып табылады.

Қазақстан Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына (ХҒТАО) толыққанды мүше мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің әріптес елдерімен ғылымитехникалық ақпарат саласында тәжірибе алмасу жүзеге асырылуда.