Құрметті конкурсқа қатысушылар!

 

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ҰМҒТСО» АҚ) 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына (ҚР МАМ) қатысуға өтінімдер қабылдауының басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 мамырдан 2026 жылғы 13 маусымға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімдер зерттеу тобы мүшелерінің, ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық форматта, «ҰМҒТСО» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

«ҰМҒТСО» АҚ ААЖ жұмысы, өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу мәселелері бойынша кеңесті келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (727) 222-11-02 (ішкі нөмірлер: 210, 211, 213, 214, 226, 230).

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі – жұма, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Конкурстық құжаттама «ҰМҒТСО» АҚ-ның келесі ақпараттық ресурстарында орналастырылған: https://www.ncste.kz/ru/competition,

 

Конкурстық құжаттама