Ғылым комитеті 2 қазанда сағат 16.00-де «500 ғылыми тағылымдама және 1000 грант: іске асырудың тиімді жолдары» тақырыбына brainstorm өткізеді.
Іс шараның мақсаты – әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 қазақстандық ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуі және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне 1000 грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын тиімді орындау бойынша ғылыми қоғамдастықпен өзара пікір алмасу.
Талқылауға ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылары шақырылады. 
Zoom арқылы мына сілтемемен кіре аласыздар:  
Конференцияның идентификаторы : 873 6796 0531
Коды: 968384  
01.10.2020
193