Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

1) Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; 

2) Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

3) Энергетика және машина жасау; 

4) Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

5) Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; 

6) Өмір және денсаулық туралы ғылым; 

7) Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

8) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

9) Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; 

10) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53. Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 17 қазан.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 17 қараша (қоса алғанда).

КД по ГФ 23-25 каз