Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстық құжаттамаға сәйкес «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.

Конкурстық құжаттама мен өтінімді рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға жауапты тұлға – Бақытжанов Батыржан, телефон 8-7172-74-08-08.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 211, 213, 214, 215, 216, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 31 қаңтар (қоса алғанда).

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама