Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басым бағыты бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын жауапты тұлғалар – Смаилова Гулжан Серикбаевана, телефон: 74-24-86, Төлеков Ержан Алтайұлы, телефон: 74-25-83. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі. 211, 213, 214, 215, 216, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233). Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Конкурстық өтінімдер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бағдарлама басшысының және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: www.is.ncste.kz.
«ҚБП» және «Құпия» деген белгісі бар өтінімдер Аэроғарыш комитетіне «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысының талаптарына сәйкес арнайы пошта арқылы таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау шарттарында екі данада беріледі.
*№ 1 ғылыми-техникалық тапсырманың толық мәтінімен «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да (Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесі (МҚҚБ) танысуға болады, анықтама телефоны: 8-727-378-05-09 (ішкі 162 МҚҚБ), 8 -727-378-05-15. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2023 жылғы 21 шілдеден бастап.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2023 жылғы 20 тамыз (қоса алғанда).