Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткетіндігі туралы хабарлайды.

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» атты ғылымның даму басымы бойынша, «Әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелері: демография, көші-қон, адам ресурстарының сапасы, өмір мен адам ресурстарының сапасы, әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, жұмыспен қамту және жұмыссыздық, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» маманданырылған бағыт бойынша өткізіледі.

Ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, қаржыландыруға арналған конкурстың мақсаты, ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, ғылыми-зерттеу жұмысына арналған техникалық тапсырма, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ЕХӘҚМ) сайтында және ic.nscte.kz. ақпараттық жүйеде орналастырылған Конкурстық құжаттамада қамтылған.

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Конкурстық құжаттама бойынша түсіндіруді және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңес беруді жүзеге асыратын жауапты тұлға –Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы Б. Қасенов, жұм.тел.: 8 (7172) 74-35-11

Өтініштерді тіркеу және ШЖК алу үшін «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу жөніндегі Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі. 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236).

Жұмыс уақыты: дс. – жм., сағ. 9:00 – 18:30, түскі үзіліс сағ. 13:00-14:30.

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2022 - 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды бастау – 2022 жылғы 10 тамыздан бастап.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 9 қыркүйек (қоса алғанда).

 Конкурстық құжаттама