«ҰМҒТСО»-да халықаралық сарапшы, Åbo Akademi (Финляндия) университетінің қауымдастырылған профессоры Мария  Риэккиненмен кездесу болып өтті.

М. Риэккинен осы жылы заң саласындағы ранттық қаржыландыруға өтңнңш берген қазақстандық ғылыми жобаларға рецензия жасады. Кездесу барысында Финляндияның ғылыми қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері және ғылыми рецензент ретінде қазақстандық жүйенің салыстырмалы параллельдері туралы көзқарасын айтты. Халықаралық сарапшы бірінші кезекте Финляндияда ғылыми жобаларға бөлінетін қаржы ғалымдардың негізгі табыс көзі екендігін, яғни олардың жалақысы есепті екендігін атап өтті. қазақстанда ғалымдар жалақы алады және қосымша грантқа ғылыми жобаларын ұсына алады. Сондықтан Финляндия ғалымдары ғылыммен айналысу үшін өз идеяларының грант ұтып алатындығын дәлелдеу керек.

Мысалы, университеттің бір факультетінде 2 профессор мен 1 лектор жұмыс істей алады. Ал қалған ғалымдар үшін ғылыммен айналысуға грант иелену ынталандырады. Десе де бәсекенің өте жоғары екендігін атап өтуіміз керек. Осылай ұлттық байқауға 3-3,5 мың жоба ұсынылса, оның 13–15%-ы ғана қарастырылады екен.

         Финляндияда қаржыландырудың ұлттық жүйесінен басқа рецензия институтын жұмылдырып және өздігінен грант бере алатын жеке қорлар да жұмыс істейді. Осылайша, ұлттық гранттан өте алмаған 85% өтініш беруші жеке немесе халықаралық қорларға жүгінеді.

         Екіншіден, байқауды ұйымдастырудың барлық жұмысы, сарапшыларды тарту, және қаржыландыру туралы соңғы шешімді Финляндияның Ұлттық академиясы қабылдайды. Сарапшының сөзінше, аталмыш институттың жария құқықтағы заңды тұлға статусы бар. Академияда жұмыс жасайтын профессорлардың беделі минстрлерден кем түспейді екен.

Финдік жүйенің ерекшелігі Академия жанындағы тұрақты құрамы бар сарапшылар тобы. Қағида бойынша, сараптамаға жалпы әлемдік тәжірибеде бар өтініш берушілердің ғылыми әлеуетін бағалайтын 3 сарапшы тартылады. Тек ерекше, төтенше жағдайда ғана рецензенттерден бөлек ғылыми сұранымдар сарапшылар тобында қаралады.

Ғылыми этика тақырыбына ерекше мән беріледі. Мысалы, спикер қазақстандық этика кодексі нұқсасында әзірлеушінің зияткерлік идеясын қорғау және қол сұқпау туралы тармақ жазылмағандығын атап өтті. Ғылыми ар-намыс кодексіне жобаның қайталануы да жатады. Егер бір жұмыс әр түрлі қорларға өтініш берсе, онда тақырып қара тізімге ілігеді екен, бірақ бұл жайт өте сирек кездеседі екен. Өйткені ғалымдар өздерінің абырой-беделін жоғары бағалайды.

«ҰМҒТСО» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі,

Бағлан Құлынбай

21.12.2018
1417