Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың қаржыландыруға берілетін өтінімдерін қоспағанда, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға берілген өтінімдерді тапсырыс берушіден келіп түскен күннен бастап ҰМҒТСО АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2-тарауы 9-тармағының 1), 2) 3), 4), 5), 6) тармақшаларына сәйкестігін тексереді.  

3) тармақшасындағы «... қайталану фактілерінің болмауы» бойынша тексеру бұрын ұсынылған, бірақ қаржыландыруға мақұлданбаған немесе бір мезгілде ұсынылған МҒТС объектілерінің тақырыбы немесе мазмұны бойынша жүзеге асырылады.  

Конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес рәсімделген өтінімнің келесі бөліктерінің мазмұны қайталану фактілерінің болмауына тексеріледі:

1. Аннотация

2. Түсіндірме жазба

1. Жалпы ақпарат

1.1. Жоба тақырыбының атауы

2. Жобаның жалпы тұжырымдамасы

2.1. Кіріспе бөлім

2.2. Жобаның мақсаты

2.3. Жоба міндеттері

3. Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы

4. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер.

3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу ретінде жобада пайдаланылатын зерттеу әдістерін сипаттау, олардың жобаның мақсатымен және міндеттерімен өзара байланысы, өзаралық байланыста болуы;

8. Жобаны іске асыру жоспары

9. Күтілетін нәтижелер

Зерттеулердің негізгі нәтижелері, яғни жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келетін нәтижелер.

Алдын ала тексеру кезінде қайталану фактілері анықталған болса, өтінімдер өтінім берушіге пысықтауға жіберіледі, егер бұл көрсетілген ескерту жойылмаса, Қағиданың 2-тарауының 10,11-тармақтарына сәйкес өтінімдер өтінім берушіге қайтарылады.

 

13.01.2023
1684