Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы аясындағы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің (бұдан әрі – ереже)17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде, ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Бұл ретте, Сіздің назарыңызды Ереженің 15-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына аударамыз:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштер;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;
3) «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;
4) иесі бүркемеленген өтініштер;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.
Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.