Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңестің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы өтінімдерін қарастырғанын хабарлайды (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген апелляциялық комиссия туралы Ереженің (бұдан әрі – ереже)17-тармағы және «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығы негізінде,
ҰҒК шешімі қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтың ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетінде мына сілтеме бойынша: www.is.ncste.kz конкурсқа қатысушы (өтініш беруші) ҰҒК қабылдаған шешімі бойынша келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш бере алады.
Бұл ретте, Сіздің назарыңызды Ереженің 15-тармағы негізінде апелляциялық комиссия мынадай мәселелерді қарастырмайтынына аударамыз:
1) өтінімдері ҰҒК-нің қарауына жіберілмеген конкурсқа қатысушылардың өтініштер;
2) жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды азайту мәселелері жөніндегі өтініштер;
3) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық) ұсынатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыруды мониторингтеудің қорытындысын қарау мәселелері жөніндегі өтініштер;
4) иесі бүркемеленген өтініштер;
5) мәселенің мәні баяндалмаған және жеткілікті негіздемелер мен фактілер ұсынылмаған өтініштерді;
6) ҰҒК қойған немесе мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың нәтижесі бойынша алынған балдарды ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелер бойынша өтініштер.
Өтініштер апелляциялық комиссияға ұйым басшысының (аккредиттелген субъектінің) жеке кабинеті арқылы қабылданатыны туралы хабарлаймыз.