2022, 2023 және 2024 жылдардағы ҒҒТҚН коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың қорытындылары бойынша 208 жоба, оның ішінде 2022 жылғы конкурста – 64 жоба, 2023 жылғы конкурста – 69 жоба, 2024 жылғы конкурста – 75 жоба іске асырылды. 2025 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша 206 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2022 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша – 64 жоба, 2023 жылғы конкурс бойынша – 69 жоба, 2024 жылғы конкурс бойынша – 73 жоба. (). Төменде өңірлер бөлінісінде көрсетілген жобалар бойынша деректер келтірілген № Регион реализации 2024 жылғы жобалар саны
2021 жылғы 22 ақпанда өткен «Ұлттық ғылыми кеңестер: даму жолдары» атты brainstorm нәтижесінде Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері мен сарапшылардың ғылыми этикасының кодекстерін әзірлеу және бекіту ұсынылды. Аталған кодекстердің ҰҒК және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ әзірлеген жобасын орналастырамыз. Аталған жобаларға қатысты ұсыныстарыңызды ү.ж. 10 наурызға дейін электрондық мекен-жайына жіберуді сұраймыз. 02 марта 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ағымдағы жылдың 6 қазанында 36 ай іске асыру мерзімімен 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды. Барлығы 1913 конкурстық өтінім ұсынылды. 2 өтінім өтініш берушінің бастамасы бойынша қайтарылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша 1031 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады. Формалды тексеру кезеңінің нәтижелері әрбір өтінім бойынша қоса беріледі (қосымша). 880 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және...
ҰҒК-ның жаңа құрамдары төмендегідей 5 басым бағыт бойынша қалыптастырылды: 1) «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология»; 2) «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар»; 3) «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар»; 4) «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер»; 5) «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер». Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Ереженің 6-тармағына сәйкес кеңес мүшелерінің кеңестің бағытына жататын негізгі салаларға өкілдік етуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Ереженің 8-тармағына сәйкес қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамдарына іріктеу өзінен өзі дәйексөз алу есепке алынбаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық базаларына сәйкес...
Ғылым комитеті 2 қазанда сағат 16.00-де «500 ғылыми тағылымдама және 1000 грант: іске асырудың тиімді жолдары» тақырыбына brainstorm өткізеді. Іс шараның мақсаты – әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 қазақстандық ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуі және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне 1000 грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын тиімді орындау бойынша ғылыми қоғамдастықпен өзара пікір алмасу. Талқылауға ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен сарапшылары шақырылады. Zoom арқылы мына сілтемемен кіре аласыздар: Конференцияның идентификаторы : 873 6796 0531 Коды: 968384