Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы, «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңес 2022-2024, 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары шеңберінде жобаларды іске асыру туралы аралық және қорытынды есептерді қарауды аяқтағанын жариялайды (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, салалық министрліктер).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Апелляциялық комиссия туралы ереженің 14-тармағының 3) тармақшасына (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 «Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өтінім берушілер Ұлттық ғылыми кеңестің қабылдаған шешімімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқылы.
Ұлттық ғылыми кеңес қараған есептердің нәтижелері «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ресми сайтында орналастырылды.
Өтініштер сайтта нәтижелер орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданады.