Телефон горячей линии: +7 (727) 355 5002

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2022 жылдың 23 қарашасында 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына өтінімдер қабылдаудың аяқталғанын хабарлайды.
Барлығы 463 конкурстық өтінім ұсынылды. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізген конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін формалды тексеру нәтижелері бойынша қайта пысықталған 159 өтінім конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп танылды және өтініш берушілерге қайтарылады.
Әрбір өтінім бөлінісінде ресми тексеру кезеңінің нәтижелері қоса беріледі (қосымша). 304 өтінім мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жіберілді.

 Қосымша

12.01.2023
444