Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және ғылыми қауымдастық бірлестіктерінен ұсыныстар мен ұсынымдар жинау жөніндегі жұмысты аяқтады.

«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы» 2019 жылғы 19 тамыздағы № 607 бекітілген ҚР Үкіметі қаулысының 6-тармағына сәйкес кеңестер құрамына кандидаттар тізімдері ғылым саласындағы уәкілетті органның және сараптама орталығының интернет-ресурстарында жарияланады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, сондай-ақ ҰҒК қалыптастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҰҒК құрамына кандидаттардың тізімін ұсынамыз.

18.09.2019
365