Телефон горячей линии: 8 (727) 355 5002Телефон горячей линии: 8 (727) 355 5002

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекті қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткетіндігі туралы хабарлайды. Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттар, конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар, конкурстың мақсаты, ғылыми басшыға және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары, техникалық тапсырма, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарттың жобасы ҚР ЕХӘҚМ сайтында және ic.nscte.kz ақпараттық жүйеде орналастырылған конкурстық құжаттамада қамтылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылуы тиіс.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру бойынша консультацияларды ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің Еңбек басқармасыда мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-35-26, 74-35-27. Жауапты тұлға Еңбек басқармасының сарапшысы Базарбаев Берік Құралбекұлы, Жұмыс уақыты: дс. - жм., 9:00 – 18:00 сағ, түскі үзіліс              13: 00-14: 30 сағ. Өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін «МҒТС ҰО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі. 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дс. - жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 2022-2024 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау                    2021 жылғы 6 қыркүйектен басталады.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2021 жылғы 20 қазан (қоса алғанда).

08.09.2021
10205