Телефон горячей линии: 8 (727) 355 5002Телефон горячей линии: 8 (727) 355 5002
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті іске асырылу мерзімі 12 айлық (2020 және 2021 жылдар) гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша қорытынды есептерді және 2021-2022 және 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық–нысаналы қаржыландыру шеңберінде аралық есептерді қабылдайтынын хабарлайды.

«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығының қағидасына сәйкес есептерді қабылдау жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жетекшілерінің және ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру арқылы автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (http://is.ncste.kz) электрондық форматта жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 40-тармағына сәйкес, гранттық қаржыландыру шеңберінде (іске асырылу мерзімі 12 ай жобалар бойынша) орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерді ағымдағы есепті жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындаушылар уәкілетті органға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық есептерді ағымдағы есепті жылдың 15 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.

Бұл ретте, Келісім-шарттың 5.2-тармағына сәйкес жұмыстарды көрсетілген мерзімде орындамаған жағдайда, Орындаушы бюджет кірісіне әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін жобаның жалпы сомасынан 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.

Орындаушылар есептерді келесі талаптарға сәйкес дайындауы қажет:

Есептер ЖМСТ (ГОСТ) 32-2017 талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымша тіркелген). Есептер ұйымның ілеспе хатымен қабылданады;
Есептерді тапсыру тілі: мемлекеттік немесе орыс тілі, сондай-ақ ағылшын тілі (міндетті);
Есептің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі көлемі (қосымшаларды есепке алмағанда):
- гранттық қаржыландыру бойынша – 40 беттен артық емес;

-бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 60 беттен артық болмауы тиіс;

- есептің көрсетілген беттерінің көлемін есептеу «Кіріспе» бөлімінен бастап «Қорытынды» бөліміне дейін жүргізіледі.

Келісім-шарттарға сәйкес күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері (ағылшын тіліндегі есепте күнтізбелік жоспарлардың көшірмелері мен WORD форматындағы ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі);
Сұрақтар бойынша «ҰМҒТСО» АҚ-ның Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (727) 378-05-32, +7 (727) 378-05-45, +7 (727) 378-05-20, +7 (727) 378-05-19.

https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/documents/details/219726?lang=kk

04.10.2021
146