Құрметті әріптестер!

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (әрі қарай - Орталық) Сіздерге, is.ncste.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасында онлайн-тіркеу қызметі енгізілгеніне байланысты, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді электрондық түрде тіркеуге болатындығын хабарлайды.

Тіркеу алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысу қажет. 

Назарларыңызға, есептерді онлайн-тіркеу жүйесі пилоттық болғандықтан, қолданыстағы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасының орындалмауының алдын алу үшін, құжаттарды қағаз түріндеде тапсыру қажет.

02.10.2018
359