Құрметті конкурсқа қатысушылар!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 07 қараша №517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағида) «ҰМҒТСО» АҚ өтінімдерді тапсырыс берушіден келіп түскен күннен бастап аталған Қағиданың 9 тармағына сәйкестігін тексереді.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсы аясында 2025 жылдың 8-10 қаңтар аралығында (3 жұмыс күні ішінде) Қағидалардың 9 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді пысықтау жүргізіледі. Ескертулері көрсетілген өтінімдер өтінім берушілерге «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы «Пысықтау» деген статуспен пысықтауға жіберілетін болады.

 

Өтінімнің статусының өзгергендігін бақылап отыру үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде ғылыми жетекшінің электрондық поштасын және жеке профилін тексеру қажет.

 

Пысықталған өтінімдерді тапсырудың соңғы күні мен уақыты – 2025 жылдың 10 қаңтар 23 сағат 59 минут (Астана уақытымен).

 

Назар аударуыңызды сұраймыз:

 

егер ақпараттық жүйеде қосымша өзгерістер енгізілсе, бұл өзгерістер Word форматындағы документте көрсетілуі керек;

өтінім беруші ұйым басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылғаннан кейін өтінім ақпараттық жүйеден қайта қайтарып алынбайды және оған қол қойылмайды;

пысықталған өтінімдерді алған кезде Ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулердің жойылуына тексеру жүргізеді, ескертулер жойылмаған жағдайда, өтінімді өтінім берушіге пысықталған өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

түзету мерзімі аяқталғаннан кейін (2025 жыл 10 қаңтар, сағат 23.59 мин.) жіберілген өтінімдер пысықталмаған деп есептеліп және осы ескертулердің жойылуын тексермей Тапсырыс берушіге қайтарылады.

Конкурсқа қатысушылардың өтінімді түзету процесі келесі кезеңдерден тұрады:

 

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген сәйкессіздіктермен танысу;

Көрсетілген сәйкессіздікті түзету;

ЭЦҚ қолдана отырып, ғылыми жетекшінің өтінімге қайта қол қоюы;

ЭЦҚ қолдана отырып, ұйымның бірінші басшысының өтінімге қайта қол қоюы, осыдан кейін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесінде «Берілген» мәртебесі қойылады.

 Өтінімдерді пысықтау бойынша кеңесті келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

 +7 (727) 222-11-02 (ішкі 223, 211, 216, 214, 226)

 Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 9:00 – 18:00, түскі үзіліс: 13:00 – 14:00.

06.01.2025
241